8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Қаңтар 2021 1473 0
Өзек

ОРАЛДА КӨПҚАБАТТЫ ҮЙДЕН ӨРТ ШЫҚТЫ

Оқиға бүгін, 15 қаңтар күні таңда болған. 

БҚО Төтенше  жағдайлар департаментінің  мәліметінше, таңғы сағат 4.10 шамасында «101» байланыс телефонына Орал қаласы Гагарин көшесі, 46/1 мекенжайында орналасқан 4 қабатты тұрғын үйдің 3-қабатында орналасқан №22 пәтерде өрт шыққандығы туралы хабар түскен.

Өрттен жалпы ауданы 15 шаршы метр аумақта пәтердің жиһаздары, жеке заттар мен тұрмыстық техникасы өртеніп кеткен.  Өрт сөндірушілердің ұтымды іс-әрекетінің нәтижесінде, өрт орнынан 14 адамды қауіпсіз жерге эвакуациялады, оның ішінде үшеуі бала.
Өрт сағат 5.10-да толықтай сөндірілді.  Өртті ауыздықтауға Департаменттен 12 жеке құрам мен 5 техника жұмылдырылды.

Өрттің шығу себебі анықталуда.

Сала  мамандары облыс тұрғындары мен қонақтарына жылыту маусымы кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. Спирттік ішімдіктерді асыра пайдаланбауды және төсекте темекі шекпеуді сұрайды.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
102 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
161 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
225 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
260 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
305 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»