Оралда Хамза Есенжановтың ескерткіші ашылды
Бүгін Орал қаласында жазушы Хамза Есенжановтың ескерткіш-бюсті ашылды.

Ұлтының рухын ұлықтаған суреткер, өмірі өнеге, қасиетті Жайық өлкесін жүрегінің демі біткенше сүйіп өткен, тума талант иесі, әйгілі «Ақ Жайық» трилогиясының авторы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерінің иегері Х.Есенжановтың туғанына биыл 110 жыл. Осы атаулы мерейтойға орай ашылған ескерткіш қаланың 4 және 5 шағынауданы аралығындағы тынымбаққа орналасқан. Бұл шараға қала әкімі М.Мұқаев қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Сондай-ақ қарымды қалам иесінің ұрпақтары – Хамза Есенжановтың немере інісі – Айтқожа Биғалиев, жазушының келіні – Дина Есенжан және зиялы қауым өкілдері қатысты.
Академик, Ұлыбритания Экологтар Ұжымының толық мүшесі, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің профессоры, биология ғылымдарының докторы, Құрмет орденінің иегері Айтқожа Биғалиев, фольклортанушы, шығыстанушы, ілеспе аудармашы-синхронист, ғалым, Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, арабтанушы Дина Есенжан, тарихшы, хамзатанушы Сайлау Сүлейменов қаламгер туралы естеліктермен бөлісті.

Ескерткішті салтанатты түрде ақын, «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Ақұштап Бақтыгереева мен жазушының немере-інісі Айтқожа Биғалиев ашып, жиналғандар қаламгердің ескерткішіне тағзым етті.

Шара Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында «Хамза Есенжанов – адамзаттың асылы» атты жазушының 110 жылдығына орай ұйыдастырылған әдеби–сазды кешпен жалғасады. Мәдени жиын аясында «Тұғыры биік талант» атты жазушыға арналған естелік жаңа кітаптың тұсауы кесілді. Театр фойесінде жазушының шығармашылығы бойынша «Қайсар талант арқалаған нар сенім, ұмытпайтын ұрпақтарын бар сенің» тақырыбында көлемді кітап көрмесі, фото-экспозиция және мұрағаттық жәдігерлер қатысушы көрермендер назарына ұсынылды.
Мира Хамзақызы
Суретті түсірген Р.ХАЛЕЛОВ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу