8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Сәуір 2019 1675 0
Қоғам

ОРАЛДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТУДЕ

Бүгін М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі ойлары мен басым бағыттарын іске асыру мақсатында «Ұлт сананың жаңғыруы және Ұлы дала  құндылықтары» атты халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференция өтті.

Конференцияны БҚО әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов ашты.

– Елбасымыздың терең мағыналы бағдарламалық мақаласының жарияланғанына – екі жыл. «Рухани жаңғыру» – еліміздің тұрақты дамуына, тәуелсіздігіміздің нығаюына, бірізділікпен өскелең ұрпақтың отансүйгіштік қасиеттерін оятуға әсерін берген бағдарлама болды. Тәуелсіздік жылдары Елбасының «алдымен экономика, сосын саясат» деген ұстанымының арқасында экономикалық өсуге көңіл бөлінді. Соның нәтижесінде межеленген дамыған елу елдің қатарына қосылдық. Ғылыми-зерттеу институттары әр түрлі салаларда еліміздің жетістікке жеткенін дәлелді түрде мәлімдеді. Екіншіден, жаңғыру ретінде конституциялық, демократиялық даму жолын таңдағаннан кейін елдегі саяси өзгерістерді атап өтуге болады. Егемендік алғаннан кейін екі рет конституциямыз қабылданды. Соңғы конституцияда бекітілген барлық биліктің үш тармаққа бөлінуі елдің тұтастығына, экономикалық өсуге, дамуға әкелді. Енді біртіндеп, президенттік-парламенттік мемлекеттік басқаруға жол алып келеміз. Бүгінде сананы жаңғыртуға үлкен мән берілуі бекер емес. Болашағымыз жарқын болуы үшін бүгіннен бастап  білімді, білікті тәрбиелі ұрпақты дайындауымыз керек. Осы орайда Елбасымыз жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы негізгі төрт бағытты қамтиды. Әр бағыты бойынша өңірімізде көптеген шаралар атқарылуда. «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында кәсіпкерлер елге жанашырлық танытып, туған жерлерінде әлеуметтік нысандарды қалпына келтірді, жаңасын салды, – деген Ғабидолла Абдоллаұлы туған жерді түлеткен кәсіпкер-азаматтарды көпшілікке үлгі етті. Сондай-ақ, мақалада аталып көрсетілген алты қағидаға тоқталды.

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының жалғасы ретінде ұсынған «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында «Қазақстан – түркі дүниесінің қара шаңырағы» деп атап, «Түп тамырдан бүгінге дейін» ғылыми жобаны ұсынды. Бұл жоба аясында қандай жұмыстар атқарылуы маңызды? Түркітанушы Мұрат Сабырдың сөзінше, бұл ретте өзіміздің тіліміз бен тарихымызды қайта карауымыз керек. Өйткені, орта ғасырлық түркі жазба ескерткіштері – ұлы дала құндылықтары.
– Биыл Алтын Орданың 750 жылдығы. Мұны Ресей атап өтуді жоспарлады. Алтын Орда ғасыры тарихына қатысты Ресей ғалымдарының тұжырымдары қазір өзгере бастады. Олардың тарапынан «Қазіргі Ресей Алтын Орданың мұрагері» деген тұжырым ұсынылуда. Алтын Орданың мұрагері – қыпшақтар, демек бүгінгі қазақтар. Сондықтан осы ескерткіштердің әдеби, тілдік тұрғыдан зерттелуі – парыз, ғалымдардың міндеті. Өйткені біз, қазақтар – жас ұлт емеспіз. Қазақ тілі – жас тіл емес. Ұлытауда сөйлеген сөзінде Елбасы «бүгінгі қазақтар ұлы ғұндардың, көне түркілердің кейінгі ұрпағы» деген болатын. Сондықтан біз тарихымызды қашанда тереңнен қарастырамыз. Тіліміздің, дініміз бен ұлттық менталитетіміздің тарихы – орта ғасыр ескерткіштері. Сол себепті «Рухани жаңғыру» аясында осындай тұжырымдарды ұсынудамыз. Демек, көптеген еңбектер жазуға мүдделіміз, – дейді филология ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Бөкенбайұлы.
Оның айтуынша, тілшілер мен әдебиетшілер, тарихшылар ортақ зерттеулерге үн қосуы тиіс. Әсіресе, ұлттың тарихын Тәуелсіз Қазақстан жағдайында еркін көзқараспен қарастыру қажет.

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Абат Қыдыршаевтың пікірінше, рухани бай ұрпақтың өкілі ғана елдің, жердің тұтастығын, мемлекеттің мәңгілігін, шын мәнінде ұлттың сақталуын ойлай алады. Өзге адамдардың қолына бұл міндетті атқару келмейтіні анық. Осы бағытта елімізде, өңірімізде, соның ішінде М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да жоспарлы шаралар атқарылуда. Соның бірі – 2017 жылдың қыркүйеінде университетте «Рухани жаңғыру» институты ашылуы. Институт бағларламалық мақалада көрсетілген бағыттар бойынша жүйелі түрде шаралар ұйымдастырып келеді.
– Қасиетті елдің қадірін білу мақсатында жоспарлы экспедициялар жасалуда. Бірер күн ішінде универсетімізге басқа облыстардан, шетелден келген студенттерді Сырым ауданындағы мұражайлармен таныстыруды жоспарладық. Күні ертең Италиядан көршілес Саратов, Орынбор, Самара облыстары білім ордалары қызметкерлерімен бірге рухани мәселелерді талқылайтын боламыз, – деді Абат Сатыбайұлы.

Конференция барысында баяндама жасағандар ұлттық тәрбие, салт-дәстүр, қазақ әдебиетіне тереңірек тоқталды.

Конференция жұмысы 12 сәуір жалғасады. Іс-шараға жергілікті оқу орындарымен қатар шетел ғалымдары қатысуда.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
90 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
152 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
388 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
870 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1248 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1148 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1607 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2223 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2388 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2395 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2446 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2451 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2063 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2930 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2984 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2978 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3591 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3559 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3550 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3526 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3686 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»