ОРАЛДА ЕУРОПАЛЫҚ САПА СТАНДАРТЫНА САЙ ЖАҢА ФИТНЕС ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
«Қала күні» мерекесі аясында оралдық жеке кәсіпкер Хаваж Исаев жаңа «Х Fitnes» фитнес орталығын ашып, шаһардағы фитнес орталықтарының қатарын толықтырды.

Фитнес орталықтың ашылуына қала әкімі Абат Шыныбеков, спорт ардагерлері мен қызметкерлері, жас спортшылар және қала тұрғындары қатысты.
– Елімізде бұқаралық спорттың дамуына жеке кәсіпкерлердің ынта танытуы қуантады. Бұл орталық қалалықтардың чалауатты өмір салтын ұстану дағдысын қалыптастыруынп сеп болады деп сенеміз, – деді шаһар басшысы Абат Абайұлы.
Өз кезегінде деке кәсіпкер Хаваж Исаев фитнес орталықты ашуға қолдау көрсеткен қала әкімшілігіне алғысын айтты.
Кәсіпкердің сөзінше, фитнес орталығы құрылыс технологиясының жетістіктерімен халықаралық стандарттарға сәйкес салынған. Ғимараттың жалпы ауданы – 1405 шаршы метр. Мұнда сағатына 208 адам жаттыға алады. Кешен ғимаратында бос орын жеткілікті. Ең бастысы блотты тренажерлар, кардиотренажерлар және аэробты жаттығу залы, жекпе-жек, бокс, кроссфитке арналған көпфункционалды зал орналасқан. Ғимаратта массаж бөлмесі, сұлулық салоны, фито-бар, сауна да қызмет көрсетеді.
«X Fitness» – барлық талаптарға жауап беретін және еуропалық сапа стандарттарына сәйкес заманауи жаттығу тренажерларымен жабдықталған. Мәселен, бас жаттықтырушы Дмитрий Расторгуев таныстырып өткеніндей, тыныс алу, жүрек қағысының қалыпты болуына пайдасы мол «Климбер» тренажеры Орал қаласына алғаш әкелінген.
Жаңа фитнес орталығы М.Жүнісов көшесі 134 мекенжайында баршаңызды күтеді.


Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу