ОРАЛДА ЕКІ АДАМ СУҒА БАТЫП КЕТТІ
7 маусым күні суға батып кеткен ер адам әлі іздестірілде.
![]()
БҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 1999 жылғы азаматтың Орал қаласы Елизаров көшесі тұсынан Жайық өзеніне батып кеткені туралы хабар 7 маусым күні түскен. Сол күні сағат 15.20-дан бастап жедел-құтқару жасағы іздестіру жұмыстарын бастады. Әлі де іздеу жұмыстары жалғасуда.
Сондай-ақ 8 маусым күні сағат 21.25-те Жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері Орал қаласының «Самал-3» шағын ауданын маңында Шаған өзенінен 50 жастағы азаматтың мүрдесін су түбінен шығарды. Ол суға түсу үшін жабдықталмаған жерде шомылған. Әрі мас күйде болған.
Айта кетейік, 2019 жылдың басынан бері Батыс Қазақстан облысының су айдындарында суға батудың 12 фактісі тіркелген. Суда көз жұмңғандардың үшеуі кәмелетке толмағандар. Сондай-ақ судағы оқыс оқиғалардың өткен жылғыға қарағанда арта түскенін атап өту керек. 2018 жылдың ұқсас кезеңінде 10 суға бату фактісі тіркелген. Олардың екеуі кәмелетке толмаған балалар болыпты.
Төтеншеліктер жазатайым оқиғаларды болдырмас үшін суда қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді. Төтенше жағдай орын алған кезде «112» және «101» нөмерлеріне хабарласу қажет.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Төтеншеліктер суға шомылу кезінде төмендегі ережелерді есте сақтау қажеттігін ескертеді:
- Қоршау белгісінен әрі жүзбеңіз!
- Тыйым салынған орындарда суға түспеңіз!
- Суға шомылған кезде камераны, допты, тақтайшаны қолданбаңыз!
- Көпірден, бөгеттен, қайықтан және катерден суға секірмеңіз!
- Өтіп бара жатырған катердің, қайықтың астынан жүзіп өтпеңіз!
- Таныс емес жерде сүңгімеңіз! Суда тентектік жасауға жол бермеңіз!
- Жалған дабыл бермеңіз!
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу