ОРАЛДА БІРІНШІ СҰРЫПТЫ НАН 80 ТЕҢГЕДЕН САТЫЛАДЫ
«Желаев нан» және «Хлеб завод №1» дүңгіршектерінен бірінші сұрыпты нанды 80 теңгеден сату жыл соңына дейін жалғасатын болады. Бұл үшін облыстық тұрақтандыру қоры нан өндіруші кәсіпорындармен келісімшартқа отырып, оларға бірінші сұрыпты ұнды жеңілдетілген бағамен беруде.

Өңірдегі «AQJAIYQ» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы Нәдір Құрымбаевтың айтуынша, аталған қордан нарықтық бағадан гөрі жеңілдетілген құнмен 160 тонна бірінші сұрыпты астық бөлінген. Бүгінгі таңда ол ұнның тең жартысы «Желаев нан», қалған бөлігі «Хлеб завод №1» нан өндіруші кәсіпорындарына жеткізілуде.
-Біздің ұсынысымызды қолдап, халыққа ыңғайлы жағдай жасауға келісімдерін берген «Талецкий» және «Исаев» жеке кәсіпорын басшыларына қала тұрғындары атынан алғыс айтамыз. Қазіргі таңда егін шаруашылығы немесе олардан түскен өнімді дайын тауарға айналдырумен айналысатын кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан көп қолдау көрсетілуде. Түрлі бағдарламалар арқылы пайызы төмен несиелер беріліп, демеуқаржылар бөлініп, жанар-жағар майлар арзандатылған бағамен ұсынылуда. Тауар өндірушілер де мемлекеттің қамқорлығын шынайы түсініп, келісімге келгендері қуантады. Енді жоғарыда аталған нан өндірушілер осы жылдың соңына дейін өз дүңгіршіктерінде бірінші сұрыпты нан бағасын 80 теңгеден асырмайтын болады, – дейді Нәдір Шамұратұлы.
Басқарма төрағасы атап өткендей, арзан бағадағы нан тек аталған кәсіпорындардың шаһардағы 50-ге жуық дүкендері мен дүңгіршектерінде ғана саудаланады. Ал нан өндіруші кәсіпорыннан көтерме бағамен алып, өз сауда орындарында сататындар белгілі мөлшерде үстеме бағасын қоя алады. Бағаны шектен тыс көтеру жергілікті атқарушы органның қадағалауында болмақ.
-Бүгінде жұмысымыз бір қалыпты жүруде. Нан адамның басты тағамы болғандықтан, оған деген қажеттілік төмендемесі анық. Тек халықтың тәттілерге деген сұранысы сәл бәсеңдеді. Ол да елдегі жағдайға байланысты шығар. Халық қаражаттарын барынша үнемдеуге тырысатыны анық. Жалпы өндірілетін өнімнің 20 пайызына жуығын осы бірінші сұрыпты нан құрайды. Бүгінде облыстық тұрақтандыру қорынан бөлінген ұн бізге күнделікті жеткізілуде. Бізге бөлінген 80 тонна астық жыл аяғына дейін жетуге тиіс. Аса тап пайдаға қалып жатырмыз деп те айта алмаймыз. Бірақ осындай қиын-қыстау кезеңде жергілікті халыққа ыңғайлы жағдай туғызуды өз міндетіміз деп санаймыз, – дейді «Желаев нан» ЖК басшысы Олег Талецкий.
Айнара ИСА,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме

Кіру
Пікір үстеу