ОРАЛДА БІР АЙДА ТӨРТ РЕТ АДАМ ТОНАҒАН АЗАМАТ ҰСТАЛДЫ
Орал қаласы полиция басқармасы бірнеше рет әйел адамдарға шабуыл жасап, жеке мүліктерін тартып алған ер адамды ұстады.

Мәлім болғандай, 1971 жылы туылған, отбасын құрмаған, еш жерде жұмыс жасамайтын А. есімді жігіт наурыз айы ішінде 4 рет адам тонаған. Еуразия даңғылы, Құрмағазы мен О.Исаев көшелері бойында қараңғы уақыттарда жалғыз өзі бейқам кетіп бара жатқан бойжеткен, студент қыздар, келіншектер тонаудың құрбаны болыпты. Жалпы әйел адамдарға ғана шабуыл жасап, қолындағы сөмке, әмиян, ақша, ұялы телефондарын тартып алып отырған. Жымысқы ойын көпшілік ортадан тасаланып, келесі көшеге жалғыз бұрылғанда немесе шамы көмескі көше тұстарына барғанда, төңірегінде өзге кісілер жоғын біліп жүзеге асырған. Кейбір әйел адамдарды үй подъездері алдында күтіп тұрып, артынан ілесіп ұрып-соғып, физикалық күш көрсетіп, қолындағы барын тартып алған. Жәбірленушілерден тартып алған ақшаны жойып, өз керегіне жаратқан. Бірінен 6, 10, 20, 50 мың теңге мен алтын бұйымдарын сыпырып алған. Мысалы, 8 нурызда О.Исаев көшесі бойында қаладағы бір ірі жоғары оқу орнының студентіне күш көрсету арқылы шабуыл жасап, ашық түрде 583 сынамалы алтын сырғасын, 2 күміс сақинасы мен 6 мың теңге ақшасын тартып алған.
Осылайша, жалғыз өзі бір айда төрт әйел адамды тонады. Адам тонағыш күдіктінің соңына түскен тәртіп сақшылары кезекті тонау барысында қолға түсірді. 1971 жылғы күдіктінің бұған дейін де қарақшылық шабуыл мен тонауға қатысты заң алдында жауапталғаны анықталды.
Бүгінгі күні 4 эпизодпен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Сурет ғаламтордағы ашық дереккөздерден алынды
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу