ОРАЛДА БАУ-БАҚША ӨСІРУ ЛАГЕРІ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Бүгін, 8 мамыр күні балаларды еңбекке тәрбиелейтін жаңа лагерь салтанатты түрде бастау алды.
«Жасыл желек әлемінде» атты бау-бақша лагері БҚО әкімі Ғ.Есқалиев ұсынған «Менің аулам – менің бағым» жобасы аясында қолға алынып отыр. Осы орайда қала әкімдігінің қолдау көрсетуімен Мәдени-ағарту бірлестігіне қарасты «Арай» комьюнити орталығы ауласынан (Ет комбинаты ауданындағы орналасқан) арнайы орын дайындалған. Мұнда аула клубтары мен комьюнити орталық тәрбиеленушілері еңбек етпек.
Жаңа лагерьдің ашылуына қала әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев қатысты. Шарада балаларды жазғы демалыс кезеңіндегі бос уақыттарын еңбек лагерінде тиімді пайдалануға шақырып, игі бастамаға сәттілік тіледі.
Бүгін бақшаға қарбыз, қауын, қызынақ, қияр, аскөк, ақжелкен, баялды, сәбіз сынды көкөністер егілді.
Қалалық Мәдени-ағарту бірлестігі директорының орынбасары Бекей Қанатовтың сөзінше, лагерьде 48 бала қамтылады. Олар кезекшілікпен мамыр-тамыз айлары аралығында бақшаны күтіп-баптаумен айналысады. Ал күзде өнімдерді өздері бөлісіп алмақ.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі

Кіру


Пікір үстеу