ОРАЛДА БАС ШЫРШАНЫҢ ШАМЫ ЖАҒЫЛДЫ

Бүгін Орал қаласындағы Тұңғыш Президент алаңында жаңажылдық бас шыршаның шамы жағылды.
Орал қаласы әкімі М.Мұқаев қалалықтарды Жаңа жылмен құттықтап ізгі тілегін білдірді. Бұдан соң қала басшысы «сиқырлы таяқшаны» қолына алып, алаңға жиылған тұрғындармен бірге бас шыршаның шам-шырақтарын салтанатты түрде жақты.
Мерекеге жиналған қала тұрғындары мен қонақтардың көңілін ертегі және мультфильм кейіпкерлері кейіпіндегі жергілікті өнерпаздар көтерді. Аяз ата мен Ақшақар көппен бірге шыршаны айнала би билеп, белсенділерге сыйлықтар ұсынды.
Шара қалалық өнер ұжымдарының мерекелік концертіне ұласты.
Айта кету керек, Оралдағы бас шыршаның биіктігі 24 метр. Бұған қоса Абай алаңына, қалалық мәдениет және демалыс саябағына, Жайық өзені жағалауы мен»Лепесток» тынымбағына, Деркөл ауылына, №20 орта мектеп маңына шыршалар қойылып, безендірілуде.
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу