ОРАЛДА АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІ ТАҒАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША CALL-ОРТАЛЫҒЫ ҚҰРЫЛДЫ
Орал қаласы әкімдігі көп балалы және аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мәселесі бойынша Call-орталығы жұмыс жасайтынын хабарлады.
Қалалықтар 30 37 18 нөмірі арқылы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындау жөніндегі сұрақтарға жауап ала алады. Call-орталығы жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейді.
Сондай-ақ Құрманғазы көшесі, 173/а, мекенжайы бойынша Орал қаласы халықты жұмыспен қамту орталығына жолығуға болады. Жәрдемақы тағайындауға қатысы бар мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ басқа органдардың өкілдері қатысып, (әділет департаменті, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі, «Тұрғынүйжинақбанк» АҚ т.б.) азаматтарды жеке қабылдау өткізеді.
Барлық тілек білдірушілердің атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бойынша сұрақтар қоюына мүмкіндік бар.
Пікір үстеу