8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Шілде 2020 1392 0
Өзек

ОРАЛДА АЛАЯҚТЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫ КӨБЕЙДІ

2020 жылдың алты айында Орал қаласында алаяқтыққа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабымен 387 қылмыс тіркелді, соның ішінде қаланың орталығында Абай полиция бөлімінің өндірісінде 110 алаяқтық фактісі тіркеліп, істер тергелді. Бұл қылмыстардың 70 пайызын интернет алаяқтары құрады, қылмыстардың ашылуы 49 пайызды құрады, 2019 жылдың 6 айында алаяқтық фактілерінің ашылуы 61,1 пайыз болды.

Мәселен,  16 шілдеде еш жерде жұмыс жасамайтын, Бәйтерек ауданының 1997 жылғы тұрғыны өзгенің сеніміне кіру арқылы «Сони плейстейшн» ойын приставкасын алып кеткен. «Приставаканың құны 200 мың теңге еді. Мен алаяққа алдандым» деп бабау қаққан әйел адам полицейлерге арызданған.
17 шілдеде белгісіз тұлға «Колесо» әлеуметтік желісінен көрген хабарландыру бойынша хабарласып, «автокөлігіңізді аз уақытта сатып беремін, тек есепшотқа алдын ала 200 мың теңге салыңыз» деген. Қала тұрғыны көлігін сатуға асығып, еш ойланбастан көрсетілген есепшотқа белгіленген соманы аудара салған. Соңынан ақшасы жоқ екенін біледі, хабарласса телефон тұтқасы көтерілмейді, көлігі сатылмайды. Алданғанын сезіп, Орал қаласы Полиция басқармасына  арыз жазды.
20 шілдеде белгісіз тұлға өзінің ұялы телефоны арқылы хабарласып, өзін «Каспий банктің» қауіпсіздік бөлімінің қызметкері ретінде таныстырған. Жалған сөйлеп, сенімге кіріп, Каспий голд арқылы 300 мың теңгені қағып алған. 1992 жылғы азаматша полицияға келіп, ақшасынан айырылғанын баяндады. Абай Пб-іне арыз жазды. Бұл фактілер тіркеліп, тәртіп сақшылары жұмыстануда.
Орал қалалық Полиция басқармасы алаяқтық фактілерінің көбеюіне орай, азаматтарды бөгде адамдардың «осы нөмірге ақша салыңыз», «көлік сатуға немесе заттарыңызды сатуға көмектесемін» деген құр сөздеріне сенбеуге шақырады. Бейтаныс тұлғаларға жеке бас деректері мен банк карточкаларының нөмірлерін айтпауларын сұрайды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
78 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
72 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
72 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
68 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
121 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»