ОРАЛДА АКТРИСА ӘСЕЛ МӘМБЕТОВАНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында осы қарашаңырақтың актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты, М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың құрметті профессоры, Әсел Мәмбетованың мерейлі жасқа толуына арналған «Ақжайықтан шыққан қазақтың дарынды қызы» атты шығармашылық кеші өтті.

Алдымен театрға жиналған жұртшылық фойеде жасақталған көрмені тамашалады. Мерекелік кеш киелі Ақ Жайықта жаралып, тектілік тамырынан нәр алған Әсел Иманғалиқызының шығармашылық өмір жолы туралы дайындалған «Театр менің тағдырым» атты фильмімен басталды.
1984 жылы Алматыдағы мемлекеттік театр және көркемсурет институтын бітірген сәттен бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында және кейін Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының доценті, аға оқытушысы болып еңбек еткен Әсел Мәмбетова 2015 жылы сол кездегі облыс әкімінің шақыртуымен туған жеріне келіп, Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында жұмысын жалғастыруда. Жайық жұрты, талғамы биік театр көрермендері, Алатау баурайында өнерін шыңдап еліне келген талантты қызын құшақ жая қарсы алған еді. Осы шақырту М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті үшін де ұтымды жағдай болды. Университеттің профессор-оқытушылар құрамына шақырылып, танымал эстрада, театр, кино саласындағы өнер қайраткерлері С.Майғазиев, Ә.Каримов, А.Жүнісбеков, А.Меденова, А.Төлепов, А.Өтепберген, А.Ғұмаров, Г.Хасанова, Ә.Сайлауовалардай қазақ өнерінің жарық жұлдызына айналған шәкірттерді тәрбиелеген ұстаз қазір М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ-да мәдениет және өнер факультетінің режиссура мамандығында оқитын студенттерге тәлім-тәрбие беріп, театр тылсымымен тыныстатып келеді. Кеш барысында Әсел Иманғалиқызы төл шәкірттерімен бірге сахнаға шығып, өнер көрсетті.
Әсел Мәмбетованың театр сахнасында сомдаған кейіпкерлерінің бойында ешкімге ұқсамайтын, өзінің шынайылық пен шеберлігі табиғи көрініс табады. Әсіресе, өзі алғаш сомдаған С.Балғабаевтің «Ең әдемі келіншек» лирикалық мұңындағы Гүлбаршынның рөлі «паспортына» айналды. Ақ Жайығына оралған кезінде де жергілікті театр әртістерімен бірге осы қойылымды көрерменге ұсынып, құшағын гүлге толтырғаны Жайық жұртының есінде. Т.Ахтановтың «Күшік күйеу» комедиясындағы Алма және Биғайша, М.Хасановтың «Пай-пай, жас жұбайлар-ай» лирикалық комедиясындағы – Бану мен Ләззат, Иранғайыптың «Жел жусанындағы» – Бәйек, И.Сапарбайдың «Ауылдан келген ару» лирикалық драмасында – Сәндігүл, Махамбеттің 200 жылдығына арналған республикалық фестивальде гран-при иеленген І.Жансүгіровтың «Исатай – Махамбет» тарихи драмасындағы – Айымжан, Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» спектаклінде Т.Рысқұловтың жұбайы – Наталья, С.Досановтың «Мәншүк» драмасында Мәншүктің анасы – Әмина, Ж.Өзбекованың «Толғақ» драмасында – Ұмай ана, Д.Мұштанованың «Аңыз болған абысындар» драмасында үлкен абысын – Сақыпжамал сынды кейіпкерлерін сахнаға сәтті алып шығып, театрсүйер қауымның қошеметіне бөленіп келеді.
Мерейлі жасына орайластырылған сырлы кеште де осы қалпынан танбай, әдемі әндерін, өз репертуарындағы кейіпкерлерінің монологтарын тебірене оқыды.
Ақжайықтан шыққан қазақтың дарынды қызының кешіне арнайы қатысқан облыс әкімінің орынбасары Серік Егізбаев өңір басшысының құттықтауын жеткізді. Сондай-ақ ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Жайықтың ақ шағаласы» Ақұштап Бақтыгерейқызы, Батыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының басшысы Қадырболат Мұсағалиев, өңірдегі оқу орындарының басшылары өнер жолына саналы ғұмырын арнаған сырбаз сахнагерге ізгі тілектерін арнады.


Елмұра АСХАТҚЫЗЫ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу