ОРАЛДА АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ОҚУ МАРАФОНЫ ӨТТІ
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Оралда ұлы ақынның шығармаларын оқу марафоны өтті.

Бір күндік марафонды Қазақстан Жазушылар Одағының облыстық филиалы мен Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапхана ұйымдастырды. Мәнерлеп оқу марафонын №42 «Ақ ниет» гимназиясының оқушылары бастады. Олар ақынның жыл мезгілдері туралы өлеңдерін, мектеп бағдарламасына енгізілген шығармаларын қазақ және орыс тілдерінде оқыды. Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі, Орал гуманитарлық-техникалық колледжі, Республикалық жоғары техникалық колледжі, Сервис және жаңа технологиялар колледжі студенттері, облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының тәрбиеленушілері және кітапханашылар мен әр түрлі жастағы кітапхананың оқырмандары марафонды жалғап, Абайдың азаматтық көңіл күй, философиялық ой, ғашықтық, оқу-білім, тәрбие тақырыптарындағы өлеңдері мен қара сөздерін мәнерлеп оқыды. Сондай-ақ Абайға Құнанбаевқа арналған арнау-жырлар да тыңдалды.
Таңертеңгі сағат 10.00-ден басталған шара, кешкі сағат 16.00-ге дейін жалғасты. Бұл шараға ниет танытқан 100-ден аса адам қатысып, Абайдың шығармаларын оқыды. Марафонға белсенді қатысқандар ұйымдастырушылар алғыс хаттармен марапатталды.
– Абай Құнанбаевтың 175 жылдыған орай өңірдегі 168 кітапханада бір мезгілде марафон бастау алды. Мақсатымыз ұлы ақынның ақындық мұрасын өскелең ұрпақ жүрегіне мәнерлеп оқу арқылы ұялату, поэзияны сүюге, бағалай білуге үйрету. Оқырмандарымыздың рухани танымын кеңейту, – дейді облыстық кітапхананың директоры Шолпан Оразаева.


Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу