ОРАЛДА 43 БІЛІМ ҰЯСЫ ЖӨНДЕЛІП, ЕКІ МЕКТЕП АУЛАСЫ ҚОРШАЛДЫ
Жаңа оқу жылына дайындықты ұйымдастыру мақсатында Орал қаласындағы 43 білім беру ұйымында ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 31 700,0 мың теңге қаражат бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды. Білім ұялары жаңа оқу жылына дайын. Оқу жылына дайындық туралы бүгін тікелей эфирде өткен тамыз кеңесінде қала әкімі Абат Шыныбеков мәлім етті.
Негізінен бұл жұмыстарға әктеу-сырлау, сыртқы желілерді орнату (қайта құру), спорт және акт залдарын, кабинеттерді жөндеу, абаттандыру, сонымен қатар күзгі-қысқы мерзімге дайындау шаралары кіреді.
– Мемлекет басшысының және облыс әкімінің тапсырмасы бойынша барлық мектеп пен балабақшаларды бейнебақылау жүйесімен және санитарлық талаптарға сәйкес жағдайлар жасау жұмыстары қолға алынды. Орал қалалық мәслихатының шешіміне сәйкес, білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қаламыздың 3 білім ұясында ішкі дәретхана орнату үшін 14 000,0 мың теңге қаражат бөлініп, №29 мектеп, кешкі ауысымды орта білім беретін мектебі және оқу-өңдірістік комбинатында ішкі дәретхана орнатылды. Бүгінгі таңда барлық мектептер ішкі дәретханалармен жабдықталған, – деді қала басшысы Абат Абайұлы.
Сондай-ақ санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтау үшін 18000,0 мың теңгеге бірінші басымдылықта тұрған екі мектептің, атап айтқанда №1, №32 орта мектептердің периметрі бойынша аулалары қоршалып, 3016,0 мың теңгеге №9 орта мектептің спорт және акт залдары жөнделген.
Бұған қоса «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1 868 332,0 млрд.т. қаражат бөлініп, №21, №25 және №45 мектептерді күрделі жөндеу жүргізілуде.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Пікір үстеу