8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Желтоқсан 2021 1695 0
Қалалықтар қаперіне

ОРАЛДА 300 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, бірінші кезекте апатты жағдайдағы мектептердің проблемасын шешуге ерекше көңіл бөлінген болатын. Осы орайда «100 мектеп бағдарламасы» аясында апатты жағдайда болған №33 орта мектеп үшін жаңа ғимарат салынды. Мектептің ашылуында облыс басшысы Ғ.Есқалиев жаңа мектептің ашылуымен құттықтап, құрылысшыларға алғысын жеткізді.

– Жаңа жылдың қарсаңында көптен күткен қуанышты сәтке куә болып тұрмыз. Бұрынғы 1935 жылы салынған ескі ғимараттың орнында жаңа нысан бой көтеріп отыр. Мектеп құрылысын сапалы жүргізген, пандемияға, құрылыс заттарының қымбаттауына қарамастан, дер кезінде тапсырғаны үшін «НұрКапСтройГаз» компаниясына рахметімді айтамын. Осы білім ұясынан еліміздің абыройлы азамат-азаматшалары шығады деп сенемін. Әр ата-ана өз баласының жетістіктерін көргісі келеді. Балаға үйден берілген тәрбиені мектеп ұжымы жалғастырып, біліммен қатар, тағылымды тәрбиені бойларына сіңдірсе, қалғаны балаларымыздың өз қолында. Уақытты тиімді пайдалануға дағдыланған, өздерін зиянды әдеттерден аулақ ұстайтын, спортты серік етіп, жақсы оқыған балалар еліміздің болашағына зор үлесін қосарына сенемін, – деді Ғали Нәжімеденұлы.

Облыс әкімі атынан мектепке сыйлыққа интерактивті панель табысталды.

Құрылысты жүргізген «НұрКапСтройгаз» мердігерлік компаниясының басшысы Әділбек Каримов құттықтау сөзін айтып, мектеп басшысы Үміт Ерғалиеваға мектеп кілтін табыс етті.

Салтанатты түрде лента қиылған соң, қонақтар жаңа білім ұясын аралап, танысып шықты. Білім ұясы 17 кабинет интерактивті тақтамен жабдықталған, барлық оқу кабинеттері интернетке қосылған. Химия, биология, физика кабинеттері цифрлық зертханалармен жабдықталған, робототехника мен хореография кабинеті, Smart бөлмелері бар. Мектеп кітапханасы 20 орындық оқу залымен жабдықталған. 70 орындық акт залы бар.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
138 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
382 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»