ОРАЛДА 200 ОРЫНДЫҚ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР АУРУХАНАСЫ АШЫЛДЫ
Бүгін Оралда модульдік жұқпалы аурулар ауруханасы пайдалануға берілді. Қысқа мерзімде құрастырылған емдеу орнының ашылу рәсіміне облыс әкімі Ғали Есқалиев қатысты.

Мұндай тез құрастырылатын ауруханалар Алматы облысының орталығы Талдықорғанда, Атырауда, Нұр-Сұлтан сынды өзге де қалаларда ашылған болатын. Оралда жоспар бойынша 2020 жылы жұмысын бастауы тиіс медициналық нысан электр желілерінің уақытылы тартылмауына байланысты бір айдан соң ғана пайдаланылуға беріліп отыр.
Айта кеткен жөн облыс орталығындағы бір ғана 140 орындық облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы 1964 жылы салынған. Аурудың өршіген шағында өзге де медициналық нысандар емдеу мекемелеріне айналып, дәрігерлер жүктемесі екі есеге дейін көбейген. Мемлекет басшысының тапсырмасына орай жер-жерлерде осындай ауруханалар аз уақыт ішінде құрастырылып, эпидемиямен күреске барлық күш жұмылдырылды. Індетке шалдыққандарды емдеуге арналған модульдік ауруханада барлығы 200 төсек болса, соның 20-сы – жансақтау орыны.
«Жұлдыз» шағынауданында 4 гектардан астам жерді алып жатқан аурухананың жалпы алаңы – 6800 шаршы метр. Оның ашылу салтанатына қатысқан өңір басшысы өткен жылдың коронавирус індетімен күрес жылы ретінде есте қалатындығын атап өтті. Сонымен қатар қауіптің әлі сейілмегенін, сол себепті тұрғындардың да өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, шектеу шараларын бұлжытпай сақтауы керектігін жеткізді.
– «Індетке бүкіл әлем, елдегі инфрақұрылым дайын болған жоқ. Сондықтан Мемлекет басшысы Үкіметке өңірлерде қысқа мерзімде модульдік ауруханалар салу жөнінде тапсырма берді. Соның нәтижесінде, міне, құны 7,2 млрд теңге тұратын модульдік аурухана бой көтерді. Тиісті құрал-жабдықтар мен медицина қызметкерлерінің тапшылығы сезілді. Өңірде 500-ге жуық медицина қызметкері індетке шалдығып, төрт дәрігер өмірден озды.. 200 орындық модульдік аурухана санитарлық талаптарға сай, барлық керек-жарақтармен қамтамасыз етілген»,- деді Ғ.Есқалиев.

Айнара ИСА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу