ОРАЛДА 117 ОТБАСЫ ЖАҢА ҚОНЫСҚА ИЕ БОЛДЫ
Бүгін Орал қаласы Зашаған кентінде 9 қабатты жаңа тұрғын үй қолданысқа берілді. Мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасымен салынған тұрғын үй 117 пәтерлі. Пәтерлердің жалпы аумағы 6852,81 шаршы метр.

Бірлік көшесі, 25 мекенжайындағы үй пәтерлері жергілікті атқарушы органда пәтер кезегінде тұрғандарға берілді. Тұрғын үйдің салтанатты ашылуынада қала әкімі Абат Шыныбеков жыл санап қаз қатар жаңа көпқабатты үйлер тұрғызылып жатқан бұл аумақтың жаңа шағынауданға айналғанын және ауданды абаттандыру, әлеуметік нысандар салу жоспарланғанын жеткізді.
– Өңірде тұрғын үй құрылысы қарқынды дамып келеді. Жылма-жыл сәулеті келіскен үйлер бой көтеріп, батысқазақстандықтардың жайлы қонысына айналуда. Наурыз – жер бетіне көктемнің жылылығын алып келетін, ізгіліктің, мейірімділіктің жаршысындай. Осы мерекенің қарсаңында 117 отбасының қуанышы еселенді. Осы қоныстарыңыз құтты, іші береке мен жақсылыққа толсын, – деді қала әкімі Абат Абайұлы.
Бұл – өткен жылдан бері Зашаған кентінде беріліп тұрған сегізінші үй. Биыл тағы бір көпқабатты үйдің құрылысы аяқталады. Ауданды абаттандыру, жол салу, балалар ойын алаңын, тымыбақ салу жоспарланған. Шаһар басшысы атап өткендей, жуырда осы аумақтан жеке кәсіпкер «Алтындар» гипермаркетін ашқан болатын. Қазір ҚПО б.в компаниясы есебінен осы аумақта спорт кешені салынуда. Сондай-ақ жеке инвестиция есебінен №52 мектептің құрылысы басталады. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында балабақша ашуға ниет танытқандарға қолдау көрсетіледі. Ал болашақта салынатын тұрғын үйлердің бірінші қабаттары сол үйдің, айналадағы үйлердің тұрығндарына қызмет көрсететін орындарға – балабақша, емхана сынды әлеуметтік нысандарға ыңғайластырылып жобаланады.
Айта кетейік, тұрғын үй 117 пәтерлі. Олардың 36-сы – бір бөлмелі, 54-і – екі бөлмелі, 27-сі – үш бөлмелі. Тұрғын үйдің жобалаушысы – «Сити Инжиниринг» ЖШС, құрылыс жұмыстарын «ҚұрылысТаймКонтракт» ЖШС жүргізген.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz


Соңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу