8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Шілде 2020 1202 0
Қалалықтар қаперіне

ОРАЛДА 11 КӨПҚАБАТТЫ ҮЙ САЛЫНУДА

Биыл барлық қаржыландыру көздері бойынша шаһардағы құрылысты дамытуға 19 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінген.  10,7 млрд. теңге тұрғын үйлерді салуға жұмсалмақ.  Жалпы бөлінген қаржының 8,2 млрд. теңгесі инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымға бағытталып отыр.

Бүгінде қаламызда 11 тұрғын үй салынуда. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан сегіз үй биылғы жылдың соңына дейін тапсырылса, қалған үш нысанның құрылыс жұмыстары  келесі жылы жалғасады. Жаңа үйлердің  бірқатары қаланың солтүстік-шығыс бөлігінде  бой көтеруде. Бұл ауданды игеру 2016 жылы басталған болатын. Шағынауданның аумағы – 108,6 гектарды құрайды. Шамамен  30 көпқабатты үй салу жоспарланған. Осыдан бірер ай бұрын екі үй пайдалануға беріліп, жаңа ауданның алғашқы тұрғындары қоныстанып үлгерді.  Қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Арман Өксікбаевтың айтуынша, жыл соңына дейін әрқайсысы тоғыз қабаттан болатын тағы үш үйдің  құрылысы аяқталмақ. 216 пәтерлі тоғыз қабатты тұрғын жай арендалық –жергілікті атқарушы органда кезекте тұрғандарға беріледі. Ал 104 және 108 пәтерлі үйлер – «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшыларына ұсынылады.  Қазір үш нысанның да құрылысы қарқынды. «Болашақ-Т», «СКФ Отделстрой», «Алтим» құрылыс компаниялары ауа райына қарамастан жұмыстарды жүргізуде. Бұдан бөлек тағы екі үйдің құрылысына қаржы бөлінген.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
139 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
383 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»