8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Наурыз 2019 2363 0
Жалын

ОРАЛ ЖАСТАРЫ НАУРЫЗ МЕЙРАМЫН ҰЛЫҚТАДЫ

   Жастар жылы аясында Орал жастары ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуге, ұлық мейрамды кеңінен атап өтуге атсалысты.

Ұлыстың ұлы күніне орай қалалық ақпараттық талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық ұйымдастырған «Қош келдің, әз Наурыз» атты ұлттық ойындармен айшықталған концерттік бағдарлама оқу орындары студенттері мен оқушылардың, белсенді жастардың басын қосты. Орталықтың ақпараттық талдау және мониторинг бөлімінің басшысы Зарина Ихсанованың айтуынша, басты мақсат – жастар арасында ұлттық мерекені дәріптеу. Бағдарлама әдеттегіден тыс жаңа шоу-концерттік форматта ұйымдастырылды. Домбыра шертіліп, Наурыз мейрамына арналған ән шырқалды. Қатысушылар топтанып, «Қаражорға» биін биледі.

Мерекелік шара ұлттық ойындармен ерекшеленді.  «Аударыспақ», «Арқан тартысу», «Асық ату», «Қой көтеру» сынды сайыстар ұйымдастырылды. Салмағы 60 келіге тартатын қойды көтеруге 10 жігіт шығып, бақтарын сынады. Көпшілікті қызықтырған да осы сайыс. Күшіне сенген онның ішінен Батыс Қазақстан инженерлік технологиялық колледжінің студенті Баққожа Сүлейменұлы жеңімпаз атанып, көтерген қой малын сыйға алды.

 

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
124 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
369 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»