8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Сәуір 2023 15568 0
Жалын

«Орал жастары» фестивалі алауын жақты

Қалада «Орал жастары» фестивалі басталды. Оған шаһардағы оқу орындардың студенттері қатысуда. Шараның ашылуына қала әкімі Миржан Сатқанов пен білім беру ұйымдарының өкілдері, студент жастар мен үкіметтік емес ұйым өкілдері де қатысты.

Тамаша ауа райы, жастардың көңілі шат. Барлығы да фестивальге көтеріңкі көңіл-күймен келген. Өйткені мұндай ауқымды шара Оралда алғаш рет өткізіліп отыр. Ауқымды фестиваль 11 аталым бойынша өрбиді. Атап айтқанда 5 спорт және 6 өнер бағытын қамтиды. Жалпы іс-шараға он мыңға тарта студент қатысуда. Шараның ашылу салтанаты да ерекше өтті. Олимпиадалық үлгіде əр оқу ордасының намысын қорғайтын жастар шеру жасап, өздерін таныстырды. Айта кету керек, фестивальге шаһардағы 22 оқу ордасы қатысуға ниет білдірген. Оның 4 ЖОО, 18 АОО.

Фестивальдің ашылу салтанатында сөз сөйлеген қала əкімі Миржан Сатқанов қатысушыларға сəттілік тілеп, фестивальді ашық деп жариялады. Байқау сәуір айының аяғына дейін жалғасады. Қалалық әкімдіктің қолдауымен Жастар ресустық орталығы ұйымдастырып жатқан фестивальдің жүлде қоры да қомақты – 2 500 000 тг. Мақсат – студент жастарды бір ортаға тоғыстыру. Шығармашылығын шыңдау, спорттық əлеуетін арттыру.

 

Айнара ИСА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
53 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
51 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
51 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
47 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
102 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
76 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»