«ОРАЛ» ӘУЕЖАЙЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ 2021 ЖЫЛЫ ҒАНА АЯҚТАЛАДЫ
«Орал» халықаралық әуежайының ғимаратының жөндеу жұмыстары алдағы жылы аяқталмайтын болды. Бұл туралы Орал әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының мамандары мәлімдеді.

«Орал» халықаралық әуежайын жаңғырту жұмыстары биыл жазда басталған еді. Жоспарға сәйкес нысанды 2020 жылдың аяғына қарай пайдалануға берілетіні айтылған болатын. Алайда, жөндеу жұмыстары тағы бір жылға созылмақ. Өйткені, ескі ғимараттың іргетасы өте қатты ескірген. Жаңа ғимаратты бұрынғыға жалғап салу үшін құрылыста ең бастысы іргесі мықты болуы тиіс. Сондықтан қазір құрылыс жұмыстары уақытша тоқтап тұр. Орал әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы төрғасының орынбасары Артур Досқалиевтің айтуынша, бұл жобаға қазынадан 2,4 млрд. теңге бөлінген.
Қазір қайтадан жоба қаралып, зерделеніп, қосымша құжаттар қайта дайындалу үстінде. Соған байланысты жөндеу шаралары тағы жарты жылға ұзартылуы мүмкін. Құрылысқа жауапты – «Казконтракшнгрупп» құрылыс компаниясы. Халықаралық әуежай басшылығы мәлімдегендей, құрылыс жұмыстары жүріп жатқандықтан, қазір қызмет барасында бірқатар қиындықтар туындауда. Жолаушылар екі сағат бұрын тіркелуде. Жаңғырту жұмыстары барысында қосымша ғимарат бой көтеретін болады. Бұрын сағатына 200 жолаушыға қызмет көрсетілсе, жөндеуден соң 400 жолаушы әуежайдан шыға алады. Сонымен қатар ғимараттың көлемі екі есеге ұлғаймақ. Орал халықаралық әуежайы осыдан 40 жыл бұрын пайдалануға берілген болатын.
Айта кету керек, әуежай ғимараты 47 жыл бұрын салынған, содан бері жөндеу көрмеген. Ал 4 жыл бұрын апатты жағдайда болуына байланысты ұшу-қону жолағы жөндеуден өткізілді.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу