8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Қазан 2020 1009 0
Қалалықтар қаперіне

ОРАЛ ӘУЕЖАЙЫНА МОДУЛЬДІК ВАГОНДАР ОРНАТЫЛУДА

Орал халықаралық әуежайында жолаушыларға арналған бірнеше пластикалық модульдік вагондар орнатылуда. Өйткені алдағы уақытта бірнеше бағыттағы халықаралық рейстер ашылады деп жоспарланып отыр. Ал су жаңа терминалдың құрылысы алдағы жылы ғана басталады.

Пластикалық модульдік вагондарды қоюдың негізгі себебі – алдағы уақытта қосымша ұшу бағыттары іске қосылмақ. Мәселен, қараша айында Оралдан Египетке сапарлауға мүмкіндік жасалатын болса, алдағы жылдың көктемінен бастап, Түркияға ұшақтар қатынайтын болады. Демек, жаңа әужай терминалы іске қосылғанша жолаушылар пластикалық модульдік вагондарда отырып, ұшу алаңына шығатын болады. Қазір модульдік вагондар тез құрастырылады. Іші жарық жылу жүйесімен қамтамасыз етілген. Ал жазғы маусымдарда арнайы желдеткіш құрылғысы орнатылатын болады. Аптаның соңына дейін тағы екі модульдік бекет қойылады деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, жолаушылардың қамы үшін бұл вагондарды орнтауды  БҚО әкімі  Ғали Есқалиев тапсырған боолатын. Ұзындығы 12, ені 2,5 метрлік жаңа бекеттерді жергілікті «Агрореммаш» зауыты дайындауда.

Айнара ИСА,

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
76 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
70 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
70 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
67 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
120 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
94 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»