ОРАЛ САЯБАҒЫНА ЖАҢА АТТРАКЦИОН ОРНАТЫЛАДЫ
Бүгін кешкі сағат 20.25-те қалалық мәдениет және демалыс саябағындағы Шолу дөңгелегінде (Колесо обозрения) техникалық ақау орын алып, аттракцион тоқтап қалған.

Биіктігі 24 метрлік аттракционда үлкендермен бірге балалар да болған.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Жәдігер Құсайыновтың хабарлауынша, оқиға орнына департаменттен және департаментке қарасты жедел құтқару жасағынан – барлығы 18 қызметкер, 8 техника жіберіліп, олар 18 адамды автобаспа арқылы төменге түсірді. Құтқарылғандардың алтауы бала.
Саябақ басшысы Бек Жәңгіровтың түсіндірунше, негізгі аттракцион жетегінің сымарқаны тістеліп қалған. Қазір жағдай реттелді. Келушілерден ешқандай наразылық жоқ.

Бұған дейін қалалық саябақта заманауи, жайлы аттракцион орнатылатыны айтылған болатын. Жоба өткен жылы мақұлданған. Б.Жәңгіров қазіргі уақытта биіктігі 36 метр болатын жаңа аттракцион үшін орын қарастырылып жатқанын жеткізді. Яғни, болашақта саябақта жаңа «Шолу дөңгелегі» пайда болады.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу