«ОРАЛ ОПЕРА» КЕШІ ӨТТІ
«Қала күні – 2019» мерекесі аясында 3 қыркүйек күні «Орал Опера» кеші ұйымдастырылды.

Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығының амфитеатрында өңірдегі классикалық музыка жанрын жандандырып жүрген өнер ұжымдары отандық және шетелдік туындыларды орындады. БҚО әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі, БҚО камералық оркестрі, қалалық үрмелі аспаптар оркестрі мен скрипкашылар ансамблінен құралған «Симфониялық оркестрге» Асхат Хасанов дирижерлық етті. Оркестрдің сүйемелдеуімен «Ерен еңбегі үшін» медалының иегерлері Айбар Хайырханов, Эльмира Усаева, халықаралық байқаулардың лауреаттары Ақсұлу Жұмалиева, Ақмарал Ахметова, Айдана Ажғалиева, Айбек Тұрарбеков, Тарас Жауынбаев, Артем Мұқатаев, Тимур Мусин, Елена Шутарева, Алтынбек Оразовтар оператта жанрындағы әлемге әйгілі музыканттардың шығармаларын орындады.
Сондай-ақ өнер майталмандары сахна төрінде Абай Құнанбайұлының «Айттым сәлем Қаламқас», халық әні «Алқоңыр», «Қош бол, сәулем көргенше», Мүслім Магомаевтың «Синяя вечность» әндерін де тамылжыта әуелетті.
Амфитеатрға жиналған көрермен оперетта жанрындағы шығармаларды нақышына келтіре шырқаған әншілерге ризашылықтарын зор қошеметпен білдірді. «Қала күніне» орай шаһар тұрғындары мен қонақтарына көңілді кеш сыйлаған өнерпаздарға қала әкімі Абат Шыныбековтың атынан ықылас гүлі ұсынылды.



Эльмира Нұғманова
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу