8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Қыркүйек 2019 5165 0
Қалалықтар қаперіне

ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ БӨЛІМІНЕ ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚР Президентінің «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасы және меритократия қағидаттарын жүзеге асыру аясында және конкурстық комиссияның шешімі бойынша Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы лауазымына Қайырлиев Серік Ерболатұлы тағайындалды. Бұл туралы бүгін Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қайырлиев Серік Ерболатұлы 1986 жылы Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Құрыйлысай ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2003 жылы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Өнер» факультетін аяқтаған. 2017 жылы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығын тәмамдаған.

Еңбек жолын «Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония» МКҚК-ның «Орал сазы» фольклорлық ансамблінің артисі болып бастаған. Әр жылдары Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Қалалық мәдени-ағарту бірлестігі» МКҚК-нің «Алау» балалар аула клубының үйірме жетекшісі, «Жастар мәдениет үй» МКҚК-нің «Оралым» фольклорлық ансамблінің артисі, «Қалалық мәдени–ағарту бірлістігі» МКҚК-нің көркемдік жетекшісі, «Жастар мәдениет үй» МКҚК филиалының «Салтанат үйінің» көркемдік жетекшісі, «Қалалық мәдени-ағарту бірлестігі» МКҚК-нің директоры болып қызмет етті. Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін «Жастар мәдениет үй» МКҚК-нің директоры қызметін атқарды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
64 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
60 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
60 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
57 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
110 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
85 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»