8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Қазан 2024 4505 0
Қалалықтар қаперіне

Орал қаласының әкімі тағайындалды

ҚР Президенті Әкімшілігінің және қалалықмәслихат депутаттарының келісімі бойыншаОрал қаласының әкімі болып Мұрат Болатұлы Байменов тағайындалды.


Өңір
басшысы Нариман Төреғалиев қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясына қатысып, әкім лауазымына кандидатура ұсынды. Депутаттар оны қолдады.

– Мұрат Болатұлы көп жылдар бойы Орал қаласында және облысымызға қарасты аудандарда жұмыс істеді. Барлық мәселелермен таныс. Ең бастысы, қала тұрғындары оны жақсы біледі. Жинақталған тәжірибесі мен білімі оған қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуында өзінің әлеуетін іске асыруға көмектеседі деп сенемін, – деп атап өтті өңір басшысы.

Нариман Төреғалиев жаңа әкімнің алдына облыс орталығының инфрақұрылымын дамытуды жалғастыру бойынша бірқатарміндеттер қойды.

Мұрат Байменов 1969 жылы дүниегекелген. Әр жылдары БҚО қаржы басқармасы бастығының орынбасары, Шыңғырлау және Зеленов ауданы әкімдерінің орынбасары, БҚО әкімі аппаратының экономикалық талдау, ішкі бақылау және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің меңгерушісі, БҚО энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары, «Жайық жылу қуат» АҚ бас директоры қызметтерін атқарған.

2020 жылдың қазан айынан бастап қазіргіуақытқа дейін Бәйтерек ауданы әкімініңорынбасары қызметін атқарды.

Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
47 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
95 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
54 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
283 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»