ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ ДАЙЫНДАЛДЫ
Орал қаласы әкімінің бастамасымен дайындалған «Орал даму жолында» геоақпараттық порталы 12 маусым күні «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясы отырысында таныстырылды.

uralsk.smartmap.kz сайтына ену арқылы порталдан құрылыс, тұрғын үйлердің жаңғыртылуы және басқа да қаланың дамуына қатысты ақпараттармен танысуға мүмкіндік бар. Яғни, порталда әр бағыт бойынша кейінгі үш жылдағы ақпараттар мен алдағы үш жыл бойынша даму жоспары бар. Мәселен, үй кезегінде тұрған азаматтар геоақпараттық порталдағы құрылыс бөліміне өту арқылы, биыл және алдағы үш жылда қанша үй, оның ішінде қанша пәтер берілетінін және жаңа тұрғын үйлер қай ауданда салынып жатқанын, ол үйдің құрылысын жүрізіп жатқан мердігер туралы ақпаратты, құрылыстың тапсырылу уақытын және үйдің сызбасын көре алады.
Сондай-ақ бұл жүйде абаттандыру саласындағы жұмыстар, жол және жолдардың жөнделуі, әлеуеттік нысандар, инженерлік желілер, нвестициялық нысандардың жаңартылуы, жөнделі туралы ақпарат толықтай көрініс тапқан. Әр бөлімді басу арқылы жасалған немесе жасалатын жұмыстармен толық танысып, эскиздік үлгісін де көруге болады.
Геоақпараттық порталда қалалық мәслихат депуттарының сайлау округтері туралы мәлімет те бар. Сондай-ақ тұрғындарға сауалдары немесе өтініштерін қалдыруы үшін кері байланыс жасау тетігі ескерілген.
Портал жүйелі түрде жаңғыртылып, толықтырылатын болады.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу