8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Мамыр 2019 2893 0
Қоғам

ОРАЛ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ МЕРЕКЕСІ (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай, Орал қаласының Н.Назарбаев даңғылында мекеме-кәсіпорындар, еңбек ұжымдарының мерекелік шеруі өтті. Оған 50 мыңнан аса мекеме-ұйым қызметкерлері мен түрлі сала өкілдері қатысты. Бірлік пен ынтымақты ту етіп, аталмыш алаңға жиналған  батысқазақстандықтарды облыс әкімі Алтай Көлгінов құттықтады.   

 

Мерекелік шеруге қатысушылар ертеңгілік 8.00-ден бастап Н.Назарбаев даңғылы бойына жинала бастады.

 

 

Мерекеге арналған шеруді облыс әкімі, БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Алтай Көлгінов және  Орал қаласы әкімі Мұрат Мұқаевпен бірге этно-мәдени бірлестіктер бастады.Бүгінде Батыс Қазақстан облысында 90-нан астам ұлт пен ұлыс өкілдері бейбітшілік пен татулықта өмір сүруде. 21 мыңнан астам ұлт өкілін біріктірген 51 этно-мәдени бірлестік жұмыс жасайды.

 

 

Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысында 655 үкіметтік емес ұйым тіркелген. 100-ден астамы қоғамдық белсенділік танытып, мемлекеттік органдармен тапсырыс шеңберінде 14 бағыт бойынша әлеуметтік жобалар арқылы іс-шаралар өткізуде. Сонымен қатар облыста 32 кәсіподақ ұйымдары және 6 саяси партияның филиалдары жұмыс жасайды.

БҚО-да 719 мәдениет мекемесі бар. Оның 24-і музей, 379 кітапхана, 2 театр, 274 клуб мекемесі, 3 демалыс саябағы, концерттік мекемелер, тарихи-мәдени мұраларды қорғау жөніндегі инспекция халыққа қызмет көрсетеді.

Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония мен облыстық камералық оркестр өңірдегі маңдайалды концерттік ұжым. Мекемеде майталман өнер шеберлері мен елімізге кеңінен танымал өнер ұжымдары еңбек етеді. Филармония ұжымы Қазақстанда ғана емес, алыс-жақын шет елдерде де табысты өнер көрсетіп жүр.

1993 жылы ашылып, 2017 жылы актриса, Қазақстанның халық әртісі Х.Бөкееваның есімін иеленген қазақ драма театры – облыстағы ірі өнер және мәдениет ошағы.

Биыл 160 жылдығын тойлағалы отырған Н.Островский атындағы облыстық драма театры. 1859 жылы ашылған театрға 1960 жылы орыс драматургы А.Н.Островскийдің есімі берілген. Сол уақыттан бері театр әр маусымын орыс драматургиясының ұлы классигінің пьесаларымен ашып келеді. Бүгінде ұжым репертуарында 100-ден аса қойылым бар.

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі – 180 жылға жуық тарихы бар Қазақстандағы  ең көне музейлердің бірі. Музей қорында археологиялық жәдігерлердің, зергерлік, этнографиялық бұйымдардың мол коллекциясы жинақталған. Бүгінде 170 мыңнан астам жәдігер музей қорында сақтаулы.

Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығы. 2015 жылы ашылған орталықта өңірімізге танымал ақын-жазушылар, мәдениет саласына еңбегі сіңген қайраткерлер, еңбек ардагерлерімен кездесу кештері, сондай-ақ өмір жолына айтулы із қалдырған қайраткерлерді еске алу кештері ұйымдастырылып, халықтың көзайымына айналып келеді.

Өңірдегі клубтық мекемелер мен көркемөнерпаздар ұжымдарының мәдени өмірінің шаңырағы саналатын облыстық  халық шығармашылығы орталығы да мерекелік алаңнан табылды. Орталық таланттарға қолдау көрсету, халық шығармашылығының озық үлгілерін сақтау және дамыту, өлке мәдениетінің өркендеуіне қызмет көрсетуде.

Батыс Қазақстан облысы бойынша бүгінгі таңда 377 кітапхана халыққа қызмет көрсетуде. Оның үшеуі облыстық кітапхана. Ақын Жұбан Молдағалиев есімін иеленген облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана ақынның 100 жылдығын жоғары деңгейде атап өту мақсатында 2019-2020 жылдарды «Жұбан жылы» деп жариялады. Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы балалар мен жастарға арналған заманауи ақпараттық, мәдени, рухани орталық саналады. Жыл сайын кітапхана 20 мыңнан аса оқырмаған қызмет көрсетеді. Үшінші облыстық кітапхана – зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана.

Өнеркәсіп индустриясының флагманы – 1 дәрежелі Отан соғысы орденінің иегері «Орал» Зенит» зауыты. Бірінші мамыр мерекесі қарсаңында зауыт «Нұр-Сұлтан» аты берілген 30-шы мерейтойлық кемені суға жіберді. Зауытта жасалған «Сұңқар», «Бүркіт», «Барыс» жобаларының 30 катері мен кемелері қазіргі кезде Каспий теңізінде Қазақстанның теңіз шекарасын күзету қызметін атқаруда.

 

«Сену.Еңбектену.Жеңіске жету» ұранымен жұмыс жасайтын «Конденсат» компаниялар тобы». Соңғы 15 жыл ішінде «Конденсат» компаниялар тобы Қазақстанның ең ірі компанияларының жүздігіне енді. Соңғы үш жылда компаниялар тобы кәсіпорындарының тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сату көлемі 80 миллиард теңгені құрады.

«Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ – көмірсутегі шикізаты өнімдерін өндіру үшін және тасымалдауға арналған энергетикалық жабдықтарды, күрделілігі түрлі деңгейдегі металл конструкцияларын және басқа да машина жасау жоғары технологиялық жабдықты әзірлеп, өндіретын отандық кәсіпорын.

«КазАрмапром» ЖШС – Қазақстандағы сұр шойыннан жасалған арматура өндіретін жетекші өндірушілердің бірі.

Қазақстандағы полиэтилен құбырларының жетекші өндірушісі – «Орал сауда өнеркәсіп компаниясы». Компания полиэтиленді, полипропиленді құбырлар шығарады. Зауыттың жылдық  өндірістік қуаты – 37 мың тонна полиэтилен өңдеу. Зауыт толықтай заманауи неміс жабдықтарымен және сынама зертханасымен жабдықталған. ҚР Президентінің «Алтын сапа» премиясының иегері.

Көбік резеңке, матрастар, корпусты және жиһаз өндірісімен айналысатын «Квант» ЖШС.

Еліміздегі ең ірі электр қондырғыларын өндіретін «Орал Трансформатор зауыты».

«Оралагрореммаш» АҚ 60 жылдан астам уақыт бойы ел нарығын қажетті арнайы жабдықпен, ыдыстық-толтырғыш техникасымен және металл конструкциялармен қамтамасыз етуде. 2000 жылдан бері өрт сөндіру цистерналарын шығарып, зауыт кең танымалдыққа ие болды.

Қазақстанның торапты мұнайқұбыры жөніндегі ұлттық операторы – «Қазтрансойл» АҚ.

Ауыл шаруашылығы саласы өкілдері де шеруден табылды.

Құрылысшылар да мерекелік шеруге қатысты. Облысымызда «Нұрлы жер», «7-20-25», «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бағдарламасының» «Ақбұлақ» бағыты сияқты мемлекеттік бағдарламалар сәтті жүзеге асуда. Құрылысшылар коллонасын БҚО құрылыс басқармасы, облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы, Орал қаласының құрылыс бөлімі, Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі бастап,  «Альтаир», «СКФ Отделстрой», «ПМК-117», «Жиенбай», Болаша-Т», «KazConstructionGroup», «УральскСтройИнвест», «Алтим», «Стройкомбинат» ЖШС-лары жалғады.

 

 

Батыс Қазақстан облысындағы энергетика саласы өкілдері. «Жайық жылу қуат» АҚ, «Батыс Қазақстан электртораптарын таратушы компаниясы» АҚ, «Батыс Су арнасы» ЖШС, «Алау»ЖШС, «Тәуекел» ЖШС.

  

Көлік тасымалдаушылар. Облыс аумағында 28 қалалық, 31 облысішілік, 5 халықаралық, 2 облысаралық маршруттар бойынша жолаушылар тасымалданады.

 

Облысымыздағы экономика, қаржы, банк саласының өкілдері де жоғары көңіл-күймен мерекелік лектен табылды.

 

Облыстағы мемлекеттік медициналық ұйымдарының жүйесі 39 заңды нысанды құрайды. Оның ішінде 4 диспансер 15 аудандық аурухана, 1 ауданаралық сауықтыру ауруханасы орталығы және 6 аурухана, 6 қалалық емхана, облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы, ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталық, патологиялық-анатомиялық бюро, «Мейірім» облыстық мамандандырылған бөбектер үйі, арнаулы медициналық жабдықтау базасы, облыстық қан орталығы, жоғары медициналық колледж.

Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы. Облыс бойынша 23 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі, олимпиада резервтерін даярлау орталығы, спортқа дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернат, мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорт клубы, «Ақжайық» футбол клубы, «Жайық» волейбол клубы және «Ақжайық» спорт клубы жұмыс жасайды. Облыс спортшылары Әлем, Азия, Қазақстан чемпионаттарында, халықаралық турнирлерде және басқа да додалы сайыстарда көш бастап, кәсіби іскерліктері мен бәсекеге қабілеттіліктерін танытып жүр. 2018 жылы олар Қазақстан чемпионаттарында 175 алтын, Азия чемпионаттарында 25 алтын жеңіп алды. 2019 жылдың І тоқсанында Қазақстан Республикасының чемпионаттарында, Азия чемпионаттарында және халықаралық жарыстарда 238 медаль жеңіп алды, оның ішінде 73 алтын, 79 күміс, 85 қола медаль.

 

Биыл елімізде Жастар жылы өз бастауын алды. Қазақстанның жастары – елдің басты байлығы. Өңірімізде 14 пен 29 жас аралығындағы 132 мыңнан астам жас бар. Шеруге облысымызда білім, спорт, мәдениет, кәсіпкерлік бағытында жетістіктерге жеткен жастар қатысты.

ҚазИИТУ – ақпараттық технологиялар саласында бес бірдей мамандық бойынша маман даярлайтын аса қажетті ғылым-білім кешені. Әсіресе, ІТ-инженер даярлауға мән береді.

М.Өтемісов атындағы БҚМУ – қоғамда білім беру, экономика және мәдениет саласында заманауи кадрларды дайындау міндетін табысты орындап келе жатқан Қазақстандағы ең көне жоғары оқу орындарының бірі.

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ – баклавриаттың 35, магистратураның 24 және докторантураның 7 мамандығы бойынша көң деңгейлі білім беретін оқу орны. Бүгінде университетте 5 факультет пен 17 кафедрада аграрлық, техникалық және экономикалық мамандықтар бойынша 5 мыңнан астам білім алушы оқиды.

Батыс Қазақстан инновациялық технологиялық университеті – 41 бакалавриат, 7 магистратура мамандығы бойынша білім беретін өңірдегі ірі оқу орындарының бірі.

 

Мереке өңірдегі көркемөнерпаздардың концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
107 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
327 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
813 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1189 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1108 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1550 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2165 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2333 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2339 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2389 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2392 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2025 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2874 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2927 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2924 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3533 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3503 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3491 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3470 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3631 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3677 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»