ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ 340 МЫҢНАН АСТЫ
Бұл есепті ҚР ҰЭМ СК Батыс Қазақстан облысының Статистика департаменті ұсынып отыр. Батыс Қазақстан облысы халқының саны ағымдағы есеп бойынша 654,7 мың адам. Қала халқының саны – 341,9 мың адам болса, ауыл тұрғындары – 312,8 мың адам.

Облыс халқының жалпы саны 2019 жылдың қаңтар-мамырында 2341 адамға көбейді. Соның ішінде қала халқы 2641 адамға көбейіп, ауыл халқы 300 адамға азайды.
Қаңтар мен мамыр аралығында АХАТ органдарында дүниеге келген 5 388 сәби тіркелді. Бұл 2018 жылғы қаңтар-мамырдағыдан 2,6 пайызға көп. Жалпы туу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 19,88 туылғанды құрады (2018 жылғы қаңтар-мамырда – 19,54). Дүниеге келген сәбилердің 2 856-сы облыс орталығында тіркелген, бұл барлық туылғандардың 53 пайызын құрайды.
Қаңтар-мамырдағы есеп бойынша 2265 адам дүниеден өткен. 2018 жылдың осындай кезеңіндегіден 7,5 пайызға азайды. Жалпы өлім коэффициенті 1000 адамға шаққанда 8,36 адамды құрады (2018 жылғы қаңтар-мамырда – 9,11). Осы кезеңде бір жасқа дейінгі өлген нәрестелер саны 24,3 пайызға азайды.
2019 жылғы қаңтар-мамырда облысымызға 15 549 адам келген. 2018 жылғы
қаңтар-мамыр деңгейіне 125,6 пайыз. Кетушілер саны сәйкесінше 16 331 адам немесе 125,3% құрады. Халықтың көші-қон қозғалысында теріс сальдо 782 адамды, оның ішінде халықаралық алмасу бойынша 640 адамды, облыс аралық алмасу бойынша 142 адамды құрады. Облысішілік алмасу бойынша облыстың қалалық қоныстарына ауылдықтар ағыны 1 436 адамды құрады.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу