ОРАЛ ҚАЛАСЫ МЕШІТІНІҢ БАС ИМАМЫ АУЫСТЫ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфтидің бұйрығымен Орал қалалық «Тәжиден Батырұлы» атындағы мешіттің бас имамы қызметіне Руслан қажы Сұлтанов тағайындалды.

Жұма күні ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Мұратбек қажы Қыстаубаев Орал қалалық «Тәжиден Батырұлы» атындағы мешітінің жамағатымен кездесіп, жаңа имамды мешіт жамағатына таныстырды. Қызметіне сәттілік тіледі.
Руслан Тыныштықұлы – Ақжайық өңірінің тумасы. Жоғары білімді, иманды азамат. Алматы қаласындағы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің түлегі, Дінтану ғылымдарының магистрі. Алғашқы имандылық жолын Көкшетау қаласынан бастап, аталған мешіттің наиб және бас имам қызметін абыроймен атқарған. Орал қалалық мешітінде бас имам, 2013-2018 жылдар аралығында ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы болды. 2018 жылдан бүгінге дейін Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы, ҚМДБ орталық аппараттағы Халықаралық қатынастар және хаттама бөлімінде маман қызметін атқарған.
Айта кетейік, бүгінге дейін Орал қаласы мешітінің бас имамы қызметін атқарған Мейрамбек Әбдрахманов «Орал» облыстық мешітіне наиб имам болып тағайындалды. Облыстық мешіттің бас имамы Мұратбек қажы Қыстаубаев Орал қалалық «Тәжиден Батырұлы» атындағы мешіттің бас имамы қызметін абыроймен атқарып келген Мейрамбек Әбдрахмановқа қазақы дәстүрге сай құрмет көрсетіп, иығына шапан жапты.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу