8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Сәуір 2021 1699 0
Өзек

ОРАЛ ҚАЛАСЫ МЕН БІРНЕШЕ АУДАН АУМАҒЫН СУ БАСУ ҚАУПІ БАР

 7 сәуірден бастап азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің облыстық аумақтық кіші жүйесі жоғары дайындық режиміне ауыстырылды. Сонымен қатар ТЖ департаментінің қызметкерлері күшейтілген қызмет атқару режиміне көшті. Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұймыдастырған брифингте БҚО ТЖД бастығы Жасұлан Жұмашев су басудың қаупі, көктемгі төтенше жағдайдың алдын алу шаралары туралы айтты. 

Көктемдегі төтенше жағдайды жоюға тартылатын күштер мен құралдардың жалпы саны – 2591 адам, 734 бірлік техника, 45 жүзу құралы және 295 мотопомпаны құрайды. Облыс бойынша 170 эвакуациялық пункт дайындалды. Облыс бойынша резервте 1,5 млрд. теңге қарастырылған. Бұл әр түрлі төтенше жағдайларды жоюға бағытталатын болады. Бүгінгі күні 443 тонна жанар-жағармай, 88 мың дана қап, 22 мың тонна инертті материал қоры дайындалды. Сондай-ақ жарушылар бригадалары үшін 6,820 млн. теңге, аэровизуалды зерттеулер жүргізу үшін тікұшақ  тарту бойынша шарттар жасасуға 16,7 млн. теңге, қаптар сатып алуға 2,895 млн. теңге қаражат көзделген.

– Жағдайдың қорытындысы бойынша көптеген өзендер мен су қоймаларының тасқын сулардың жиналу кезеңінде екенін ескере отырып су басу қаупі Орал қаласында, Тасқала, Теректі, Бөрлі, Шыңғырлау аудандарында және Бәйтерек ауданында сақталады.  Ақжайық, Бөкей ордасы, Казталов, Жәнібек, Қаратөбе, Сырым, Жаңақала аудандарында су басу қаупі аз. Облыс бойынша жағдай облыстық су тасқынына қарсы штабтың ерекше бақылауында, – деді Жасұлан Жұмашев.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
78 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
72 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
73 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
69 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
122 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»