8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Қараша 2021 2402 0
Қоғам

ОРАЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІ ЖАС ДАРЫН ӘЛИНҰР ХАМЗИНДІ ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін, 19 қараша күні қала әкімі Абат Шыныбеков «Junior Eurovision» байқауының ұлттық іріктеу кезеңін ұтып, Париж қаласындағы ән байқауына Қазақстан атынан өнер көрсетуге жолдама алған жас өрен Әлинұр Хамзинді арнайы қабылдады.

Әлинұр Хамзин — қалалық мәдени-ағарту бірлестігіне қарасты «Бәйтерек» комьюнити-орталығының тәрбиеленушісі, М.Мәметова  атындағы №27 мектеп-лицейінің 6 сынып оқушысы.

Аталған байқаудың іріктеу кезеңінде Қазақстанның 17 облысынан 819 өтінім түскен. 30-ы іріктеу сынынан іркілмей өтсе, солардың қатарында Әлинұр да болды. Кейін осы 30 өреннің ішінен 10 үздік қатысушы онлайн дауыс беру арқылы анықталып, олар басты сынға жолдама алды.

Осы ондықтың арасынан Әлинұр Хамзин өз өнерімен қазылар алқасын да көрермендерді де тәнті қылып, үздік атанды. Енді ол Қазақстан намысын Франция астанасы — Париж сахнасында қорғайтын болады.
Бұл байрақты бәсекеде әлемнің түкпір-түкпірінен 19 мемлекет қатысады.

Кездесу барысында шаһар басшысы өнерлі жастың жеңісін жоғары бағалап, қала әкімдігі тарапынан қажетті қолдаулар көрсетілетінін жеткізіп, алдағы өтетін байқауда сәттілік тіледі.

Сондай-ақ қабылдауға қалалық мәслихат депутаттары Арман Биғалиев пен Алпамыс Камалов қатысып, Әлинұрға игі тілектерін арнады.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
133 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
377 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»