ОРАЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІ ҮЗДІК ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін, 11 наурыз күні Орал қаласы әкімі Абат Шыныбеков жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының қалалық, облыстық кезеңдерінде жеңімпаз атанып, республикалық кезеңге жолдама алған оқушылармен және олардың жетекшілерімен кездесті. «Жұлдызды Олимп – 2021» аталған кездесу шарасы оқушылар сарайында ұйымдастырылды.

– Еліміздің болашағы – бүгінгі талантты, біліммен қаруланған оқушылар. Қаламыздың мектептерінде 54 мыңға жуық оқушы бар. Солардың ішінде үздіктердің үздігі, мектептеріңіздің даңқын көтеріп, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған сіздер. Биыл республикалық жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының облыстық кезеңінде қала командасы жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Бұл – мақсатқа жету жолында ізденген әр оқушының, әр шәкірттің дайындалуына ерекше көңіл бөлген ұстаздарымыздың және қолдау көрсетіп, дайындалуға жағдай жасаған ата-аналардың ортақ еңбегінің жемісі. Егер 2019 жылы республикалық олимпиадаға қала мектептерінен 15 оқушы қатысқан болса, өткен жылы 21 оқушы жолдама алды. Ал биыл 26 оқушымыз республкалық олимпиадада облыс намысын қорғайтын болды. Сондай-ақ бес оқушымыз – Қазақ-Британ университетінің грантын иеленіп отыр. Бұл да жоғары нәтиже. Осындай жарқын жетістіктер қаламызда білім деңгейінің сапасы жылдан жылға көтеріліп келе жатқанын көрсетеді, – деді Абат Абайұлы.
Кездесу барысында оқушылар сөз алып, болашақ мамандықтарын таңдау және елдің көркеюіне қосар үлестері туралы арман-мақсаттарымен бөлісті. Ұстаздар қауымы пандемия жағдайында оқытудың жаңаша үрдісіне қадам басу, оқытудың жаңа форматына бейімделу және осындай кезеңнің өзінде сапаны жоғалтпаудың маңызы туралы айтты.
Салтанатты шарада олимпиада үздіктері атанған оқушылар мен ұстаздарға қала әкімінің алғыс хаты мен арнаулы сыйлығы табыс етілді.
Айта кетейік, пәндік олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша командалық рейтингте І орынды – Орал қаласының құрама командасы жеңіп алды. ІІ орынды – дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» мектеп-лицей-интернаты, ІІІ орынды – дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты алды.
zhaikuni.kz


Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды
Digital Nauryz: БҚО-да Амал мерекесіне орай цифрлық құттықтау ұйымдастырылды
Ата заң жобасы – азаматтармен адами қарым-қатынас түзудің жарқын көрінісі
Қонаевтағы дрон-шоу: Қазақстан картасы, референдумға шақыру және Наурыз мерекесімен құттықтау

Кіру
Пікір үстеу