8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Сәуір 2021 1956 0
Қалалықтар қаперіне

ОРАЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІ ШАҺАР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖОЛДАДЫ

Орал қаласы  әкімі Абат Шыныбеков facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында санитарлық-тазалық екі айлығы жарияланғанын хабардар етіп,  қала тұрғындарын екіайлыққа белсенді қатысуға шақырды.
 
«Құрметті қала тұрғындары, қаламыздағы барлық мекемелер мен кәсіпорын ұжымдары, біз – экологиялық жасыл және таза қалада тұрамыз. Мұны баршамыз мақтан тұтып, табиғатымызды аялай білуіміз тиіс. Шаһар тазалығына тек арнайы қызметкерлер жауапты деген жаңсақ пікір қалыптаспауы керек. Әрбір елін, туған жерін қадірлейтін азамат қаланың таза болуына да алаңдағаны жөн. Біздің сүйікті шаһарымызды сырттан біреу келіп шашып немесе бүлдіріп кетпейді, сол сияқты тазаламайтыны да анық. Мен сіздерге қала әкімі және қарапайым тұрғын ретінде Үндеу жолдағым келеді, – деген қала басшысы  бүгіннен бастап көктем мезгілінде өтетін санитарлық-экологиялық екі айлығы басталғанын айтты. Тазалық маусымы қала территориясы мен кент, селолық округтер аумағында өтеді. Осы ретте елді мекен аумақтарының санитарлық жағдайын жақсарту, көркейту және көгалдандыру жұмыстары жүзеге асады.
«Табиғат – тіршілік көзі болса, тазалық – берекенің бастауы. Ал сенбілік – өзіміздің қаламыз бен ауламыздың тазалығы үшін маңызды әрі ортақ игі іс. Әр адам өзі мекен ететін жерін қорғап, таза ұстауға тиіс. Қоршаған ортаны сақтау адамның өзінен басталатындығын әрқайсымыз жете түсінуіміз керек. Тазалық – денсаулық кепілі, сондықтан, экологияға жауапкершілікпен қарау әр тұрғынның азаматтық парызы болуы шарт. Болашақ ұрпаққа таза табиғат әлемін қалдырамыз десек, әркім өз ісіне салғырт қарамай, осы екіайлыққа белсенді атсалысайық» – деді қала әкімі Абат Шыныбеков.
zhaikuni.kz
Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
41 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
40 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
41 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
39 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
96 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
72 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»