8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Қараша 2021 1369 0
Қоғам

ОРАЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІ ҚАЛА МЕКТЕПТЕРІНІҢ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Сапалы білім елді еңселі болашаққа бастайды. Сондықтан жас ұрпаққа берілетін білімнің маңызы жоғары. Оқушыларға білім мен тәрбие беруде мектептердің жай-күйінің де заманауи сұранысқа сай болуы  қажет. Осы орайда Орал қаласы мектептері жаңа өзгерістер енгізу арқылы дамуға бағыт алды. Қазіргі уақытта 35 мектеп миссиясын өзгертіп, жаңа  жобалармен жұмыстануды бастады. Саладағы жаңашылдықтар мен оқушылар білімінің сапасы 16  қараша  күні шаһар басшысы  Абат Шыныбековтың қала мектептері басшыларымен кездесуінде талқыланды.

Оқу үдерісінде оқушылардың білім сапасы ерекше көңіл бөлуді  қажет етеді. Өткен оқу жылында онлайн форматта оқыған шәкірттер биыл 2021-2022 жаңа оқу жылын толықтай оффлайн форматта бастады. Қашықтан оқу кезеңі оқушылардың білімінде олқылықтардың орын алғанын көрсетті. Жыл басынан олқылықтарды жою мақсатында жобалар қолға алынды, «Жазғы мектеп» жұмыс жасап, жазғы лагерьлерде қосымша сабақтар жүргізілді.

Өткен оқу жылында, яғни қашықтан оқу кезеңінде оқушылардың  білім сапасы жоғары болды. Алайда, жаңа оқу жылының алғашқы тоқсанында оқушылардың нақты білім көрсеткіштері анықталып, сапа көрсеткішінің төмен екені белгілі болып отыр.  Білім бөлімінің басшысы Айтжан Дауымованың мәліметінше, жаңа оқу жылының І тоқсанын 55135 оқушы аяқтаған. Білім сапасы – 55,47 пайыз, үлгерім көрсеткіші – 99,9 пайыз.

– Бастауыш сыныптардың білім сапасы жоғары. 9 және 11-сыныптардың білім сапасы алдыңғы жылмен салыстырғанда төмен. Қазіргі 9, 11-сыныптар өткен жылы 8, 10-сыныпта онлайн оқыды. Қашықтан оқып келген сыныптардың  білім сапасы өткен жылмен салыстырғанда  төмен болып тұр,  – деді Айтжан Мақсотқызы.

Қаладағы 51 мектептің  10-ы инновациялық білім ұйымдары саналады. Жалпы білім беретін мектептер бойынша білім сапасы – 55,06 пайыз болса, мектеп-гимназиялар мен мектеп-лицейлердің білім сапасы –  60 пайыз. Бұл 2019-2020 жылмен (оффлайнда оқу) салыстырғанда 8 пайызға жоғары болса, 2020-2021 оқу жылындағы (онлайн оқу) кезеңмен салыстырғанда 7 пайызға төмен. Білім бөлімі басшысының орынбасары атап өткендей, қашықтан оқу кезінде үйден оқыған оқушының тапсырмаларды орындауда мүмкіндіктері көп болғандықтан, сапа да айтарлықтай  көтерілген. Ал оффлайн форматтағы оқу кезеңдерін салыстырсақ, әр жылы білім сапасының 7-8 пайызға артуын байқауға болады.

Биыл Орал қалалық білім беру бөлімі «Ұлттық ұстаз» онлайн академиясымен бірге «Басқарудың жаңа моделі» курсын бастады. Алты айлық курс аясында мектептердің басшылары өз ұжымымен бірге мектептердегі өзгерістер бойынша жобаларын дайындайтын болады. Оған «Ұлттық ұстаз» онлайн академиясының сарапшылары консалтингтік көмек көрсетпек. Курс аясында жуырда бір топ білім саласы қызметкерлері оңтүстік астана мен бас қаладағы үздік мектептердің басқару моделімен танысып келді. Осы ретте курсқа қатысушы 35 мектеп бүгінгі күні миссияларын жаңартып, трансформацияға бет бұруда. Шара барысында «Ұлттық ұстаз» онлайн академиясының басшысы Гүлмира Қорғанбаева курстың мақсат-міндеттері, күтілетін нәтижесі туралы хабардар етсе,  үздік мектептердің моделімен танысып қайтқан директорлар өздерінің басқаруындағы білім ұйымдарына жаңашылдықтарды енгізу бағытындағы жұмыстары туралы айтты.

Кездесуді қала басшысы Абат Шыныбеков қорытындылап, білім сапасын көтеруде  жұмыстардың деңгейін арттыруды тапсырды.  Білім саласындағы нормативтік  құжаттар аясында  салаға мемлекет тарапынан жасалып отырған міндеттемелердің ұйымдастырылуына  тоқталды.

– Орал қаласының білім саласының қаржыландырылуы үш жылдың ішінде 20 млрд. теңгеден 35 млрд. теңгеге көтерілді. Жан басына шаққандағы қаржыландыру есебінен биылдың  өзінде қаладағы мектептер 438 млн. теңгеге материалдық-техникалық ресурстарын нығайтты. Білімді ұрпақ – кемел келешегіміздің кепілі. Сондықтан мемлекет осы бағытты қолдауға ерекше  мән беріп отыр. Осы орайда жобалық жұмыстарды жүргізумен қатар, бөлінген қаражаттың  сұранысы болатынын ескеруіміз керек. Бұл – ең бастысы білім сапасының дәлелденуі, – деді  Абат Абайұлы.

Қазіргі заманғы мектептер – зерттеушілік, цифрлық, кәсіпкерлік, жасыл, тілдік бағыттарда жұмыстанады. Осы ретте оралдық білім ұйымдарының бағыттарын айқындауы маңызды орында.   Абат Абайұлы әр бағытты жүзеге  асырудағы мектептердің мүмкіндіктерін алға тартты, соның ішінде цифрлық бағыттың заман талабы екенін жеткізді.

– Биыл қала мектептеріне 94 жаңа кабинет алынды. Оның ішінде мультимедия, робототехника, стем-лабораториялар бар. Оқушыларымыз осы кабинеттермен жұмыс жасап, нәтижесін көрсетуі  керек. Әр мектеп өндіріс орындарымен байланыста болса маңызды. Мектеп жанындағы  жылыжайлар,  бақша үлескілерін дамытуда қаладағы жылыжай, бақ өсірумен айналысатын кәсіпкерліктерінің тәжірибелерін алуы керек. Бұл баланың үйренуге қызығушылығын арттырады. Өнімдерді  сатуға ұсынып, кәсіпкерлікке де бейімделуге мүмкіндік болады, – деген Абат Абайұлы әр мектептің мақсатына сай мерзімі көрсетілген жол картасы болуы қажеттігін ескертті.

Сонымен қатар бәскелестікті арттыруда білім саласына жеке инвестицияны тартудың, «Рухани жаңғыру»  бағдарламасы аясында мектептерге игі іс жасауда түлектердің де қолдау жасауының маңыздылығына тоқталды.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
74 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
288 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
777 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1153 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1080 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1513 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2129 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2296 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2303 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2352 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2357 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
1996 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2838 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2892 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2888 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3496 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3467 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3455 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3434 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3595 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3641 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»