8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Маусым 2020 1682 0
Қоғам

ОРАЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ «НАВАТ» РЕСТОБАРЫНА ЖҮРГІЗІЛГЕН ТЕКСЕРУ БОЙЫНША МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАДЫ

Орал қаласы әкімдігі баспасөз хатшысы әлеуметтік желіде талқыланып жатқан «Нават» рестобарын мониторинг тобының тексеруіне байланысты «Нават» әкімшілігі таратып жатқан ақпараттың қасақана жалған және біржақты екенін мәлімдеді. 

БҚО Бас Мемлекеттік санитар дәрігерінің Қаулысына сәйкес, тамақтандыру орындарына санитарлық талаптарды сақтай отырып, сағат 10.00 ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген. Карантин режимі кезінде тамақтандыру орындарының жұмыс графигінің сақталуы бойынша қалада әкімдік қызметкерлері, «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының мүшелері, волонтерлерден құралған мониторинг тобы тұрақты түрде рейд өткізуде.
«5 маусым күні кезекті рейдте жүрген мониторинг тобына «Нават» рестобарының түнгі 22.00-ден кейін клиенттерге қызмет етіп жатқаны туралы хабарлама түсті, осыған орай мониторинг тобы аталған нысанға сағат 22.30-да барды. Алайда, рестобар әкімшілігі мониторинг тобына есікті ашпай, құқық қорғау өкілдері келген соң ашты. Мониторинг барысында рестобар ішінде клиенттердің болғаны анықталмады, бірақ төменгі қабатында және жазғы алаңында дастарханда тамақтар тұрғаны анықталды. Мониторинг тобы санитарлық талаптардың сақталуына қатысты акті бойынша сұрау өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жасады. Мониторинг тобының жұмысы барысында волонтерлер бейнежазба жүргізді. Жұмысын аяқтап кетіп бара жатқан мониторинг тобына рестобар иесі өзінің ұялы телефонының камерасын қосып, бейнеге түсірген. Оның  «заңсыз тексерді», «пара талап етті» деп дауыстап сөйлеп, әлеуметтік желіге таратуын заң шеңберінде жұмыс атқарған мониторинг тобына негізсіз жала жауып отырғаны деп санаймыз. Мониторинг топ мүшесі, мемлекеттік қызметкер, қала әкімдігінің жауапты қызметкері тарапынан барлық іс-қимыл заң талаптары аясында жүргізілді. Мемлекеттік қызметкердің жеке басына ар-намысына тиетін сөздер айтып, жалған ақпарат тарату шындыққа жанаспайды. Бұл бойынша «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң талаптарына сәйкес, сотқа жүгіну арқылы әділдік талап етіледі» деп хабарлады Орал қаласының баспасөз қызметі.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
786 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
760 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»