8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Сәуір 2020 2181 0
Қоғам

ОНЛАЙН ФОРМАТТА ОҚУ БАСТАЛДЫ

           Оралдағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ұстаздары мен оқушылары үшін төртінші оқу тоқсаны онлайн режимде басталды. Күннің бірінші жартысында пәндер бойынша онлайн сабақтар өтсе, түстен кейін оқушылар өз бетінше жұмыс жасап, оқытушыдан жеке және топтық кеңестер ала алады.

Қашықтан оқыту Microsoft Teams платформасы базасында мектеп әкімшілігі ұсынған кестеге сәйкес ұйымдастырылуда. Ол үшін аталған платформаға барлық оқушылар тіркеліп, онлайн-сыныптар құрылды. Ал мұғалімдер қашықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.  Зияткерлік мектептің 8-сынып оқушысы Марат Ғұбашев осыған дейін байқау сабағына қатысқандықтан, техникалық жағынан ешқандай қиындық болмағанын айтады. – Мұғалімдер 20 минутқа маңызды деген ақпараттарды жинақтапты. Сол себепті жаңа тақырыптарды терең меңгереміз деп ойлаймын, – дейді ол.  Әр мектеп ноутбук қажет оқушыларды техникамен қамтамасыз етіп, 4G-модемдер сатып алынды. Сонымен қатар интернет жоқ елдімекендерде тұратын балалар бақылауға алынды.

– Сабақ басталғанға дейін қашықтан оқытудың қыр-сырын меңгеріп, оқушыларға сапалы ресурс дайындауға кірістік. Әрине, қиындықтар кездесті, алайда мектеп әкімшілігі дер кезінде әдістемелік көмек көрсетіп, мұғалімдердің жұмысын оңтайландыруға атсалысты. Алғашқы сабағым сәтті өтті, – дейді қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мейрамгүл Сралиева.

Мектеп әкімшілігі қашықтан оқытуға көшу балалар, мұғалімдер және ата-аналар үшін жаңа оқу жағдайларын қарастыратынын, сондықтан оқу процесін ұйымдастыру жұмыстары үнемі қадағаланып отыратынын айтады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
75 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
69 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
69 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
66 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
118 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
93 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»