8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Қараша 2021 2153 0
Қоғам

ОН ЖЫЛ ІШІНДЕ ОРАЛДА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР АРҚЫЛЫ 65 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Бұл туралы бүгін, 30 қараша күні  өңірлік коммуникациялар қызметі  ұйымдастырған брифингте Орал қаласы әкімі Абат Шыныбеков баяндады. 

– Қаламызда тұрғын үй құрылысы белсенді жүргізілуде. Тәуелсіздік жылдары «Қолжетімді баспана», «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» бағдарламаларын жүзеге асыру арқылы тұрғын үйлер бой көтеріп, жаңа шағын аудандар салынды. Соңғы 10 жылда қалада аталған бағдарламалар аясында 65 көпқабатты тұрғын үй (420 мың шаршы метр) пайдалануға берілді. 2010 жылдан бастап мемлекеттік тұрғын үй қорынан әртүрлі санаттағы тұрғын үй кезегінде тұрған 6 мыңға жуық отбасыға пәтерлер берілді. Орал қаласында апатты үйлердің орнына жаңа үйлер салу бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі жүзеге асырылуда. Аталған жоба аясында қалада 19 үй сүріліп, оның орнына 10 жаңа көпқабатты тұрғын үйлер бой көтерді, – деді  қала басшысы Абат Абайұлы.

Шаһар басшысының мәліметінше, бүгінде облыс орталығында  6 үйдің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда қалада 1247 көпқабатты тұрғын үй бар. 2011 жылдан бастап күні бүгінге дейін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында 143 тұрғын үйге жөндеу жұмыстары  жүргізілген.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
77 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
71 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
71 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
68 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
121 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»