ҚОЛӨНЕРДІ ХОББИІНЕ АЙНАЛДЫРҒАН
Он саусағынан бал тамған Венера Есенова қолөнердің хас шебері. Түрлі матадан тігін тігу, тоқыма тоқу оның сүйікті ісі. Үй тұмарларын, оюлы ламбрекендер, түрлі сабаққа қажетті дидактикалық ойындар, мектеп пен балабақшаларды безендіру, сан түрлі әшекейлер дейсіз бе, бәрін қаршадай кезінен қолға алған жанның еңбекқорлығына таңқалмасқа лажың жоқ. Қала берді ол өз үйінің балконын сән салонына айналдырып, нәзік жандардың қабағын, кірпігін сәндеп, шугаринг те жасайды.

Кейіпкеріміздің мамандығы – бастауыш сынып мұғалімі. Бүгінде қаладағы №50 орта мектептің мектепалды даярлық тобында сабақ береді. Алайда, ине мен жіпті, қарындаш пен қағазды Венера жанына бала кезінен серік еткен. Анасынан үйренген өнері қазір көпшіліктің таңдайын қақтырады. Ол қол қусырып қарап отырғанды ұната бермейді, қалт етсе қолөнеріне қарай ұмтылады. Уақытпен санаспастан, күні-түні тапжылмай отырып, он саусағы майысқан шебердің келістіріп тіккен тұмарлары мен үйді безендіретін бұйымдары көпшіліктің сұранысына ие. Әсіресе, ұзатылатын қыздарға арналған сырға салу қобдишасы тіптен көз алғысыз. Қолдан жасалған дүниелер қай заманда да сәннен қалған емес. Олар жоғары бағаланады. Ал шеберлер үшін одан асқан бақыт жоқ.
Әр бұйымды жасамас бұрын қиялына ерік беретін ісмер Бөкейорда ауданындағы Мұратсай ауылының тумасы. Отбасындағы төрт перзенттің тұңғышы. Небары алты айлығында асқар таудай әкесінен қапыда көз жазып, өмір бойы әке мейірімін аңсап өскен Венера балалық шағы өте қиындықпен өткенін жасырмайды.
Толығырақ «Жайық үні-Жизнь города» газетінің 2020 жыл 9 сәуір күнгі №13 санынан оқи аласыздар.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу