8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Желтоқсан 2018 2759 0
Өзек

ОЙЫНШЫҚТАР ТАЛАПҚА САЙ МА?

Жаңа жыл қарсаңында БҚО қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жаңа жылдық сыйлықтардың сапасы мен қауіпсіздігіне аса көңіл бөлуде.  

Желтоқсан айында департамент арқылы 30-ға жуық кондитерлік өнімдер сараптамадан өткізілген. Нәтижелері оң. Сонымен қатар жоспардан тыс тексеріс барысында жаңа жылдық жиынтықтардың ілеспе құжаттары тексерілген.

– Ағымдағы жылы 139 балалар ойыншықтары сатып алынып, оның 68 пайызы, яғни 95 үлгі техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмеді. Ойыншықтардың басым бөлігі таңбалануы және органолептикалық көрсеткіші бойынша сәйкес емес, – дейді БҚО қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басышыс Жайдар Құрманов.

Әсіресе, Қытай, Ресей, Беларусь, Украина, Өзбекстан елдерінен келген өнімдерде сәйкессіздік анықталған. Мысалы, Орал қаласындағы «Достовалов С.А» ЖК тиесілі «Спутник» дүкенінен алынған «Волшебная аптечка» балалар ойыншық жиынтығы, Қазталов ауданындағы жеке кәсіпкер К.Әубекеровтің «Жұлдыз» дүкенінен алынған «Blocks» балалар ойыншық конструкторы, Ақжайық ауданында жеке кәсіпкер А.Хуранидің «Арзан» дүкенінен алынған  «Машинка» балалар ойыншығы техникалық талаптарға сай болмаған.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
124 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
369 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»