ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ АМАНАТТАРЫ ОРЫНДАЛУДА
«Nur Otan» партиясынан сайланған депутаттардың Бөкей Ордасы, Жәнібек, Қазталов, Жаңақала аудандарының жергілікті тұрғындарымен кездесулері барысында ауыл тұрғындары Қараөзен және Сарыөзен мәселесін көтерді. Олардың айтуынша, соңғы жылдары осы өзендерге келетін су күрт төмендеп кеткен, тіпті соңғы 3 жылда су мүлдем келмеген.

Өзендердегі су деңгейінің төмендеуінің салдары осы аудан тұрғындарының мал шаруашылығымен кедергі келтіріп, мал басының қырылып қалуы мүмкін деген қауіпі күн тәртібінен соңғы кездері түскен емес.
Ресей Федерациясының Саратов, Волгоград облыстарынан Еділ өзенінен Үлкен және Кіші өзендерге (Қараөзен және Сарыөзен) келетін судың мөлшерінің азаюының себебі соңғы жылдары қайталанып отырған құрғақшылық, суға деген тәуелділік. Себебі Қазақстан тарапы Еділ суын алуға байланысты шығындарды Ресейге республикалық бюджет есебінен өтейді.
Бүгінгі күні бөлінген қаражат Саратов каналы арқылы 54 млн. текше метр, Волгоград облысынан Палласов жүйесі арқылы 21 млн. текше метр су алуға жетеді, қосымша қажеттілік 131 млн. текше метрді құрайды. Қалыптасқан жағдай судың жоқтығынан емес, керісінше Ресейдің бізге беруге дайын судың шығындарын өтеуге қаражаттың шешілмеуімен байланысты болып отыр.
Үлкен және Кіші өзендерінің тартылуы айналасындағы шағын көлдердің жойылуына себеп болып, сонымен қатар өзен бойында орналасқан кішігірім су қоймаларының барлығы да қазір бос тұр деуге болады. Ол өз кезегінде, сулардың таяздануына, минералдануына, ластануына, және балықтар мен малдардың қырылуына әкеліп соғуда.
Жоғарыда аталған мәселенің шешілуіне ықпал жасау мақсатында Батыс Қазақстан облыстық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясының 24 фракция мүшелерінің атынан Қазақстан Республикасы Мәжілісі Парламентінің Төрағасы Н.З.Нығматуллинге (2021 жылғы 12 наурыздағы №SQ – 99-21/131), Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.Ұ. Маминге (2021 жылғы 29 наурыздағы №SQ – 99-21/141) хаттар жолданды.
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жолдаған 2021 жылғы 2 сәуірдегі №05-29/ҰҚ-211 хатына сәйкес Батыс Қазақстан облысындағы аса қажеттілік және су аздығы жағдайында қалыптасып отырған қоғамдық-саяси жағдай аясында су шаруашылығы жағдайын жақсарту мақсатында Еділ суын 132,9 млн.м3 көлемінде Үлкен және Кіші өзендеріне беруге 2021 жылға арналған республикалық бюджеттің 101 кіші бағдарламасы бойынша 1-ші нақтылау шеңберінде қарастыру үшін 3,5 млрд.теңге сомасында қаржы қаражатын бөлу туралы ҚР Қаржы министрлігіне бюджеттік өтінім жолданып, бюджетті нақтылау шеңберінде пысықталатын болып шешім қабылданды.
Бұл мәселе «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының жіті бақылауында.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру

Пікір үстеу