8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Қаңтар 2022 2244 0
Қалалықтар қаперіне

ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫ КӨЛІКТЕРІН АВТОХҚО АРҚЫЛЫ САҚТАНДЫРА АЛАДЫ

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы азаматтарға ыңғайлы сервистердің санын арттыру бағытында тұрақты түрде жұмыстанып отырады. Енді басқа қызмет көрсету терезелеріне кезекке тұрудың немесе «делдардардан» сақтандыру полисін рәсімдеудің қажеті жоқ. Өткен жылы енгізілген сервистің нәтижесінде көлік иелері оператордың қасында отырып-ақ, 5 минуттың ішінде сақтандыру полисін рәсімдей алады.

«Пилоттық жоба ретінде енгізілген бұл сервис Орал қалалық мамандандырылған бөлімінде сәтті жүзеге асуда. Клиенттерге көлікті қайта тіркегеннен кейін ақпараттық жүйелері бір-бірімен ықпалдастырылған сақтандыру ұйымын таңдау ұсынылады. Бүгінде бір сақтандыру компаниясымен келісім жүзеге асырылған. Пилоттық жоба сәтті жүзеге асса, өзге сақтандыру компаниялары да тартылатын болады», – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Надир Құрымбаев.

Айта кетелік, сату-сатып алу кезінде автокөлікті қайта тіркеуді eGov.kz порталы, kaspi және homebank мобильді қосымшалары арқылы онлайн түрде оңай жүзеге асыруға болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
55 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
53 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
53 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
49 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
104 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
78 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»