«ОБЛЫС ҚАЗЫНАСЫ – ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ»
Батыс Қазақстан облыстық қаржы басқармасы облыстық бюджетті атқару, облыстық бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алу, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу, облыстық коммуналдық меншiктi басқару және оны қорғау жөнiндегi шаралардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Осы орайда өңір қазынасын зерделеп отыратын аталмыш мекеменің басшысы Айгүл Салахатдинованы сөзге тартып, басқарманың жұмыс барысы, ел экономикасының өркендеуіне септігін тигізіп жүрген қаржыгерлердің қоғамдық белсенділігі жайында сұрап білдік.
– Айгүл Бақытжанқызы, тарих қойнауына енген 2015 жылы қаржы басқармасында қандай жұмыстар атқарылды?
– Кіріс көздеріне қарамастан, барлық қаржыны өз мақсатына тиімді жұмсаудың маңыздылығы күн санап артуда. Біз де өзімізге жүктелген жауапкершілікті лайықты атқарып, маңызды мемлекеттік бағдарламалардың кең көлемде жүзеге асуына үлесімізді қосып, ел игілігі үшін еңбек еттік. Әрине, өңір бюджетінің әлеуметтік сипаты басым. Әлеуметтік саланы қолдау, халықтың әл-ауқатын көтеру мақсатында өткен жылы бірқатар мемлекеттік бағдарламалар іске асырылды. Елбасының «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаржы тиімді жүзеге асырылып, «Нұрлы жол – болашаққа бас-тар жол» атты Жолдауында көрсетілген мақсат-міндеттерге сәйкес іс-шаралар ретімен атқарылды. Тағы бір айта кетерлігі, 2015 жылдың қорытындысымен бюджеттің орындалуы бойынша облыстық және республикалық маңызы бар қалалар арасындағы рейтинг бойынша Батыс Қазақстан облысы 2-орынды иеленіп, жос-пар бойынша орындалуға тиісті 142,2 млрд. теңгенің 142 млрд.-ы, яғни 99,9 пайызы толықтай игерілді. Ал республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің 45,1 млрд теңгеге – жүз пайыз игерілуі тек біздің облысымызда ғана орын алды. Демек осындай нәтижелі жетістіктерге жетуіміздің өзі – басқарма қызметкерлерінің атқарып отырған жұмысының жемісі.
Сонымен қатар былтырғы мерейлі даталар шеңберінде мекемеде түрлі мерекелік іс-шаралар, көрмелер, дөңгелек үстел, тақырыптық кездесулер өтті. Тарихты ұлықтай білетін қаржыгерлер Ассамблея жылына орай Оралдағы Ғабдолла Тоқайдың мұражайында болып, Астана күні қарсаңында облыстық тарихи-өлкетану музейіндегі «Елбасы және Тәуелсіздік» залының ашылуына қатысты. Аға ұрпақтың өкілдерін құрметтеп, мерекелік концерт ұйымдастырып, қаржы саласында ұзақ жылдар еңбек еткен зейнеткерлердің көңіл күйлерін көтеріп, халықаралық қариялар күнінде оларға құттықтау хаттар мен сыйлықтар табыстадық.
Соңғы жаңалықтар
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру
Пікір үстеу