ҚОҚЫС ШЫҒАРУ ТАРИФІ ҚЫМБАТТАЙДЫ
Қала аумағындағы қоқыс жинаумен айналысатын «Орал таза сервис» компаниясы тұрмыстық қалдықтарды шығаруға төленетін төлемді қазіргі бағадан 100 теңгеге қымбаттатуды ұсынуда. Яғни, әр тұрғын үшін коммуналдық төлем – 300 теңгеден болуы керек.

Өткен жылдың тамызында «Орал таза сервис» ЖШС қоқыс шығару құнын көпқабатты үй тұрғындары үшін 215, жеке секторларда 219,4 теңгеге бекіткен болатын. Бірақ, Елбасының тапсырмасымен коммуналдық төлемдердің ақысы 10 пайызға төмендеді. Соған сәйкес қазіргі уақытта қоқыс шығару құны жан басына көп қабатты тұрғын үйлерде – 193, жеке сектор тұрғындары үшін – 197 теңге. Дегенмен, қоқыс шығарушы компания басшылығы бұл тариф компанияның шығынын ақтамайтынын айтады. Оған қоса қала тұрғындарының 60 пайызы ғана коммуналдық төлемді уақытылы төлейді, ал қалған 40 пайызы тұрмыстық қалдықтарды шығарғанымен, төлемін төлеуге құлықсыз. Бүгінде оралдықтардың қоқыс үшін аталған мекемеге берешегі 200 млн. теңгеге жеткен.
Тариф көтерілсе, мекеме алдымен техникаларды жаңартуды және жұмысшылардың жалақысын арттыруды көздеп отыр.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу