8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Ақпан 2020 1544 0
Өзек

ОҚУШЫНЫ ҚАҒЫП КЕТКЕН ЖҮРГІЗУШІГЕ ҚАТЫСТЫ ҮКІМ ОҚЫЛДЫ

Орал қалалық сотында кішкентай Айару Ермекті қағып кеткен Петрунин Валерийге қатысты үкім оқылды.

Үкімді оқыған судья Магира Китарова Валерий Петрунинді айыпты деп танып, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға үкім етті. Бұдан бөлек Петрунин автокөлік құралын 5 жылға дейін басқару құқығынан айырылды.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың 20 қарашасы күні Орал қаласында жантүршігерлік жол апатынан кішкентай Айару Ермек қаза тапқан болатын. Айрау Ермекті өз көлігімен қағып кеткен Петрунин енді өз жазасын темір тордың ар жағында өтейтін болады. Берілген мерзім 2 жыл 6 ай. Бұдан бөлек Орал қалалық сотының судясы Орал қалалық әкімдігіне оқиға болған жерді жарықтандыру мен камера қою туралы ұсыныс жолдады.
Сот залында Айару Ермектің әкесі Асылхан Қазиев те болды. Ол журналистерге берген сұқбатында айыпты Петрунинді кешіргенін мәлімдеді.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
137 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
381 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»