8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Мамыр 2019 1516 0
Өзек

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАМАҚТАНУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ АВТОМАТТАНДЫРЫЛАДЫ

Мектеп асханасындағы қызметті жақсарту үшін бұдан былай кәсіпкерге 3 жыл көлемінде бір мектепте жұмыс жасауға мүмкіндік берілмек. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов мәлімдеді.

Ақжайық адалдық алаңы кеңсесі жұмысын бастағалы бері бірқатар саладағы олқылықтардың орны толтырылып, мемлекеттік мекемелерде осы кезге дейін жіберілген қателіктер түзетілді. Бұл жолы спикерлер мектеп асханасындағы кейбір заңбұзушылықтарды анықтағанын айтты. Мәселен, ас мәзірінің стандарттарға сай келмеуі, таза суды ішуге арналған диспансерлардың болмауы, кей тағамдардың салмағының аздығы, пластмассадан жасалған және жарығы бар ыдыстарды қолдану сияқты бірқатар заңбұзушылықтарға жол берілген.

–  Қоғамда жемқорлыққа қатысты қандай мәселе болса, халық соны көтеріп отыр. Соған сай жұмыс тобы құрылып, жауапты басқарма басшылары шақыртылып, проблеманы түп тамырына дейін зерттеу, шешу жолдары ұснылуда. Соның ішінде мектептегі тамақтың ұйымдастырылуы. Бұл үдеріс осы кезге дейін жабық болып келген еді. Болашақта мектеп директорлары мемлекеттік сатып алу процесін өткізуге қатыспайтын болады. Бұл жұмыстар енді орталықтан қадағаланады. Екіншіден, кәсіпкерлер бір мектеппен бір ғана жылға келісім жасайтын болғандықтан, қандай да бір құрылғы алу үшін ақша салуға құлықсыз екендіктерін айтты. Сондықтан, кемінде үш жылға келісім жасауды ұсынып отырмыз. Бұл оң өзгерістерге әкеледі деп сенеміз, – деді Ғабидолла Абдоллаұлы.

Сонымен қатар облыс басшысының орынбасары балалардың тамақтануын ұйымдастыру процесі автоматтандырылатынын жеткізді. Яғни, бала тамақты өзіне берілген карточкамен алатын болады. Демек, күніге нақты қанша оқушының тамақтанғанын есепке алуға мүмкіндік тумақ. Сонымен қатар ата-аналар да смартфон арқылы баласының тамақтанғанын және қандай ас мәзірі ұсынылғанын бақылай алады.

Кез келген мемлекеттік мекеме жұмысын «Ақжайық адалдық алаңы» кеңсесі нысанға алуда. Соңғы үш айда облыстың барлық аудандарында кеңсе филиалдары ашылып үлгерген. Сала мамандары негізінен медицина және білім саласында көптеген заңбұзушылықтардың орын алатынын да жасырмады.

– Жобалық кеңсеге келгендер қандай да бір саланы меңзеп жемқорлық бар екенін айтқанымен, қалай, кім арқылы жүзеге асатынын жасырады. Мұндайда бізге тексеру жүргізу қиынырақ. «Жасырын сатып алушыны» жіберу арқылы тексере алатын жағдайлар да, «Жасырын сатып алушыны» қолдана алмайтын салалар да бар, – деді жобалық кеңсе жетекшісі Әлия Сәлиева.

Атап өтейік, ҚР Мемлекеттіқ қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі мен  БҚО әкімдігінің бастамысымен 2018 жылдың қараша айында «Ақжайық Адалдық Алаңы» атты бірлескен жемкорлыққа қарсы жоба құрылған болатын. Мақсат –Тұрмыстық жемқорлықты жою, мемлекеттік мекемелерде  қолайлы жағдай қалыптастыру, ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз ету және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыру. Жоба кеңсесі мемлекеттік мекемелердің қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін азаматтардан ұсыныстар қабылдайды. Осы орайда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу кезінде тұрмыстық сыбайлас жемқорлық көріністеріне, әкімшілік кедергілерге және бюрократияға тап болғандардың 50 33 07 телефон нөмірі және фейсбук пен инстаграмм әлеуметтік желілеріндегі Aqjaiyq Adaldyq Alany парақшалары арқылы жоба кеңсесіне хабарласуына болады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
111 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
332 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
818 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1195 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1112 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1555 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2170 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2338 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2344 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2394 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2397 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2029 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2879 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2932 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2928 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3538 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3510 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3496 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3475 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3636 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3682 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»