ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАСЫ БАСТАЛДЫ
Бүгін Орал қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі басталды.
Білім жарысы С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінің базасында өтуде. Оған аудандық кезеңнің жеңімпаздарынан 410 оқушы қатысуда. Қатысушылар жалпы білім беретін 13 пән бойынша білімдерін сынға салады. Жүлдегерлер 6 қаңтар күні белгілі болмақ. Жеңімпаздарға республикалық олимпиадаға жолдама беріледі.
Олимпиаданың республикалық қорытынды кезеңі жаратылыстану-математика бағыты бойынша Ақтөбе қаласында, қоғамдық гуманитарлық пәндер бойынша Қызылорда қаласында өтеді.
Версия для печати
Пікір үстеу