8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Қараша 2020 3915 0
Қалалықтар қаперіне

ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА «АДАЛ ЕҢБЕКТІҢ ЖАРҚЫН БЕЙНЕСІ» СУРЕТ БАЙҚАУЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша  департаменті Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын басшылыққа ала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және нығайту, сондай-ақ заманауи талаптарда парасатты тұлғаны дамыту мақсатында жас суретшілер байқауын өткізеді.

Байқаудың мақсаты – көркем өнер саласындағы дарынды балаларды анықтау. міндеті – эстетикалық тәрбие құралдары арқылы парасаттылық қағидаларын дамыту және балалардың өз қабілеттерін шыңдауға жағдай жасау.

Байқауға Батыс Қазақстан облысы мектептерінің 7-9 сынып оқушылары қатыса алады. Байқауға қатысатын жұмыстарды білім мекемелері (соның ішінде қосымша білім мекемелері) ұсынады.

Байқауға қағаз (картон) бетінде орындалған А3, А4 форматындағы жұмыстар қабылданады. Суреттерді кез-келген техникада орындауға болады (тушь, май, гуашь, акварель, пастель, түрлі түсті қарындаш, фломастер, бор, аралас техника және т.б.). Ұсынылатын жұмыстар байқау тақырыбына сәйкес болу қажет.  Негізгі идеяның ерекшелігі және оның жұмыс нәтижесінде ашылуы назарға алынады.

Байқауға қатысатын жұмыстар мен үлгіге сай өтінімдер (қосымша) Агенттіктің аумақтық департаментіне 2020 жылғы 26 қарашасына дейін жолданады (Орал қаласы, Құрманғазы көшесі 89/1). Байқау жұмыстары Агенттіктің аумақтық департаментінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланады.

Қазылар алқасы Агенттіктің аумақтық департаменті басшысының бірінші орынбасарынан, департаменттің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысынан, Білім басқармасы мен «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бір өкілінен, Агенттіктің консультативті-кеңестік органдарының өкілдерінен (Арнайы мониторингтік топ, Ақпараттық-ағарту штабы), сондай-ақ кәсіби суретшіден тұрады.

Байқау жеңімпаздары бойынша қазылар алқасы қорытындысын а.ж. 30 қарашасына дейін аумақтық департаменттің ресми әлеуметтік желідегі парақшасында жариялайды. Қорытындылау кезеңінде қазылар алқасы үздік деп таныған жеңімпаздар анықталады (1 орын, 2 орын, 3 орын) және олар құнды сыйлықтармен марапатталады. Сонымен қатар, жүлделі орындарға ілікпей қалғандар арасынан 15 қатысушы таңдалып, алғыс грамоталарымен марапатталады.

қосымша

«Адал еңбектің жарқын бейнесі» байқауына қатысуға өтінім

1 Оқушының Т.А.Ә.
2 Аудан (қала)
3 Білім беру ұйымының атауы
4 Класс
5 Байланыс телефоны

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Жалын
Жастарға жігер берген форум
11 Желтоқсан 2025
127 0
Бәрекелді!
БҚО-да жаңа жол айрығы пайдалануға берілді
10 Желтоқсан 2025
135 0
Жалын
Әр кейіпкер – шежіре-дастан
08 Желтоқсан 2025
262 0
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
529 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
582 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
651 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
677 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
724 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
350 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
946 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
961 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
916 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»