ОҚУ ЖЫЛЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИЯҒА ҚАРСЫ ЖӘНЕ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРДЫ ЖҮРГІЗУ – ЖАҢА ҚАУЛЫ
Бүгін, БҚО мемлекеттік санитариялық бас дәрігері М.Арыспаев «Батыс Қазақстан облысы аумағында 2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» жаңа қаулыға қол қойды.
Қаулы мәтіні төмендегідей:
Барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында білім алушылар арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу және Қазақстан Республикасының Үкіметі отырысының 2021 жылғы 11 тамыздағы № 25 хаттамасының 3.2-тармағын іске асыру мақсатында және «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 104-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы №36 «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» қаулысына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- Батыс Қазақстан облысы (бұдан әрі – БҚО) аумағында 2021-2022 оқу жылында барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында штаттық форматта оқуға рұқсат етілсін.
- БҚО Орал қаласы мен аудан әкімдері, барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарының басшылары, БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
1) 2021-2022 оқу жылында штаттық форматта барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында келесі жағдайда оқыту:
– Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы № 36 «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» қаулысының 1, 2 және 3-қосымшаларының талаптарында көзделген санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтау;
– педагогтар мен персоналдың 100% вакцинациялануы (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды, 3 ай ішінде COVID-19 ауырған адамдарды қоспағанда);
-ұйымға кіру кезінде «Ashyq» қосымшасын енгізу (педагогтарды, персоналды, ата-аналарды (заңды өкілдерді), 18 және одан жоғары жастағы білім алатын келушілерді QR-код (check-in) бойынша тіркеу);
– маска режимін сақтау;
– рециркуляторлардың, санитайзерлердің, тері антисептиктерінің, дезинфекциялау және жуу құралдарының жеткілікті санымен қамтамасыз ету;
– үй-жайларды жинау және дезинфекциялау жиілігін арттыру;
– үй-жайларды ылғалды жинау және дезинфекциялау, үй-жайлардың ауасын желдету және зарарсыздандыру режиміне қойылатын талаптарды сақтау;
– педагогтардың, персоналдың және білім алушылардың күнделікті «кіру» сүзгісі (байланыссыз термометрмен термометрия);
– бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу (мәдени, тәрбие, сыныптан тыс және ата-аналар жиналыстары және т. б.);
– мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында топтар мен сыныптарды біріктіре отырып іс-шаралар өткізуге тыйым салу;
– зертханалық, практикалық сабақтарды қоспағанда, кабинеттік оқыту жүйесін болдырмау;
– бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларын бөлек ұстау (сабақтың басталу уақыты бойынша ең жоғары мүмкіндікті ескере отырып)жағдайларында оқыту;
2) асханадағы ауа рециркуляторларының қондырғыларын қамтамасыз ете отырып, тамақтануды ұйымдастыруды бақылауды күшейту;
3) бөгде адамдардың кіруіне тыйым сала отырып, COVID-19-ға қарсы вакцинация алған (18 жасқа толмаған, сондай-ақ тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19 ауырып сауыққан студенттерді жатақханаға орналастыруға жол беріледі) студенттерді жатақханаға орналастыру;
4) оқу орны бойынша аумақтық медициналық ұйымдардың егу пункттерінде (жылжымалы егу пункттерін немесе көшпелі егу бригадаларын қоса алғанда) COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын (екінші компонентпен) аяқтамаған студенттерге вакцинация жүргізуді ұйымдастыру;
5) шетелдік студенттерді:
– тұрғылықты елдің уәкілетті органымен COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын өткендігін растайтын аңықтама/паспорт болған жағдайда;
– Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткеннен кейін 3 тәуліктен кешіктірмей ПТР әдісімен алынған COVID-19-ға тестілеудің теріс нәтиже бар болған жағдайда күндізгі оқу форматына жіберуді;
6) медициналық колледждер мен жоғары оқу орындарының білім алушыларына БҚО медициналық мекемелерінде практикалық оқудан өту үшін вакцинациялау паспортымен расталған COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсы бар (қол қойылған хабардар етілген келісімі болған кезде рұқсат етілетін, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды, сонғы 3 ай ішінде COVID-19-мен ауырып сауыққандарды қоспағанда) болған кезде кіруіне рұқсат етуді;
7) педагогтарға, персоналға, ата-аналарға (заңды өкілдерге), келушілерге, студенттерге мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына, колледждерге, интернаттар мен жатақханаларды, асханалар мен буфеттерді қоса алғанда жоғары оқу орындарына QR-код (check-in) бойынша «Ashyq» қосымшасы арқылы, оның ішінде басқа платформалар (мысалы, EGOV mobile, Аitu,Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz, сайт www.ashyq.kz платформасындағы аналог) арқылы тіркелу кезінде кіруге рұқсат етуді қамтамасыз етсін;
8) мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына, колледждерге, асханалар мен буфеттерді қоса алғанда, жоғары оқу орындарына:
– респираторлық инфекция белгілері бар адамдарға (жөтел, мұрынның бітелуі, дене температурасы 37 градустан жоғары);
– QR-код бойынша тіркеу кезінде «сары» және «қызыл» мәртебесі бар адамдарға («Птр-зерттеулердің бірыңғай интеграциялық порталы» және «COVID-19 бақылау орталығы» ақпараттық жүйелерінде тіркелген, COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесі бар, «инфекция жұқтырған» мәртебесі бар пациент ретінде немесе COVID-19-бен ауыратын пациентпен байланыс ретінде;
– COVID-19-ға қарсы вакцинациясы жоқ педагогтар мен персоналға (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, ауырып жазылған адамдарды сауыққаннан кейін 3 ай ішінде қоспағанда) кіруге рұқсат етілмейді.
- БҚО аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары:
1) карантинді енгізуге сараланған тәсілді:
-сыныпта (топта) COVID-19ауруының 1 жағдайы тіркелген кезде –сынып (топ) 14 күн бойы үй карантиніне оқшаулауға жатады;
– бір ауысымның 30%-дан астам сыныптарында COVID-19 ауруының жағдайлары 1 инкубациялық кезеңде Орта білім беру ұйымында тіркелген кезде-ауысым 14 күн бойы үй карантиніне оқшаулануға жатады;
-колледждерде, жоғары оқу орындарында COVID-19 ауруының 1 инкубациялық кезеңінде бір лек топтарының 30%-дан астамы тіркелген кезде – лек 14 күн бойы үй карантиніне оқшаулануға жатады;
2) Барлық білім алушыларды қашықтықтан оқыту форматына ауыстыра отырып, орта білім беру ұйымдарына, колледжге, жоғары оқу орнына карантин енгізу мәселесін шешуді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетімен келісу үшін БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жіберу;
3) оқу процесі басталар алдында барлық мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына, колледждерге және жоғары оқу орындарына осы қаулыда көзделген санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізуге қаулылар шығаруды;
4) аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларында жауапты тұлғаларын білім беру ұйымдарының білім алушылары, педагогтары мен персоналы арасында COVID-19 ауруы жағдайы туралы уақтылы хабардар етуге (шұғыл хабарлама/ақпарат алған кезден бастап 24 сағат ішінде), сондай-ақ олардың арасында COVID-19 ауыратындармен жақын қарым-қатынастағы адамдарды анықтауға:
-осы білім беру ұйымына қызмет көрсететін медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымына;
– білім беру бөліміне;
– білім беру ұйымдарынажауапты етіп айқындауды қамтамасыз етсін.
- БҚО Орал қаласы мен аудан әкімдері, БҚО аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары, БҚО денсаулық сақтау басқармасы, БҚО білім беру басқармасы, БҚО полиция департаменті:
1) орта білім беру ұйымдарында, колледждерде және жоғары оқу орындарында карантиндік шаралардың, санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді. Бұзушылықтар анықталған кезде «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік шаралар қолдануды;
2) білім беру ұйымдарында COVID-19 ауруымен ауыратын білім алушылардың, педагогтардың және білім беру ұйымдарының персоналының, сондай-ақ COVID-19 ауруымен ауыратындарға жақын қарым-қатынас қатарындағы адамдардың білім беру ұйымдарына кіруіне жол бермеу жөніндегі шараларды дереу (халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінен ақпарат алғаннан кейін) қабылдауды қамтмасыз етсін;
3) тәрбиеленушілер, білім алушылар, педагогтар және білім беру ұйымдарының персоналы арасында COVID-19 ауруы жағдайлары және байланыста болғандар туралы ақпарат алмасу үшін білім беру басқармасы (бөлімдері) мен білім беру ұйымдарында жауапты адамдарды айқындасын.
- Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы:
– бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілер арқылы халықты хабардар ету;
- 6. Меншік нысанына қарамастан, барлық жеке және заңды тұлғалар Қаулыны орындауға міндетті.
- Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Батыс Қазақстан облысының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М.К. Арыспаев
Версия для печати
Пікір үстеу