ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРГЕ ШАҒЫМ КӨП
Қазіргі уақытта Орал қаласында алты кәсіпорын жолаушылар тасымалын қамтамасыз етеді. Нақтырақ айтқанда, қалаішілік, қала маңындағы ауылдар және саяжай аумақтары бойынша 41 бағытта автобустар бар. Соңғы жылдары автобустарды жаңарту жолға қойылды. Десек те, қоғамдық көліктердің қозғалысына қатысты жолаушылардың шағымы аз емес. Мамандардың айтуынша, бұл саладағы басты мәселе – жүргізушілердің жетіспеуі болып отыр.

– Тасымалдаушы кәсіпорындарда жүргізушілердің жалақысы әр түрлі. Орта есеппен 55-65 мың теңге аралығында. Олар күніне 15-16 сағаттан жұмыс жасауға мәжбүр. Өйткені ауыстыратын жүргізушілер жоқ. Сәйкесінше, олар демалысқа шыққан күндері автобустар желіге шықпай қалуы мүмкін. Сол себепті тұрғындар тарапынан наразылық туындауда, – деп толықтырды бөлім басшысы.
Шағымның көп түсіне байланысты бұған дейін «ПАП №1» ЖШС қызмет көрсеткен №10 және 14 бағыттағы маршруттар енді «Ақжол-авто» ЖШС-ға берілмек. 70 шақты аялдаманы қамтып, 80 шақырымдай жол жүретін №6, Деркөлдегі «Сарыарқа» шағынауданынан Зашаған кентіндегі «Балауса» шағынауданына дейін қатынайтын №7 бағыттағы автобустарға да жолашуылардың шағымы аз емес. Бөлім басшысы «Омега» ауданында қайта салынып жатқан өткел ашылған соң маршруттарды оңтайландыру жоспарланып отырғанын жеткізді. Демек бір-бірін қайталайтын қоғамдық көліктердің қозғалысы өзгертіліп, кейбірінің жолы қысқартылатын болады.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу